Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2211539944 %56 %

«Астана» медресесі жаңа ғимаратқа ауысты (ФОТО+ВИДЕО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 19:00 - 2019/09/10





Бүгін Елорда руханияты тарихындағы ақ түйенің қарны жарылған ақжолтай күн болды. Еліміздің Бас шаһарындағы діни білім беру жүйесінің жаңа сатыға көтеріліп, жан-жақты дамуының белгісіндей болған салтанатты шаралар бірінен соң бірі қатар өтіп, Елорда жұртшылығының қуанышын молайта түсті.

Жамағат ризалығын тудырған жағымды жаңалықтардың легі «Әлжан ана» мешіті жанынан «Астана» медресе-колледжінің Қыздар бөлімінің ашылуымен басталды. 2007 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың қолдауымен ашылған «Астана» медресесі бүгінге таңға дейін сегіз мәрте түлектерін ұшырып, еліміздің діни кадр даярлау жұмысына үлкен үлес қосып келеді. Соңғы жылдары орыс тілі бөлімі іске қосылып, жаңа оқыту жүйесі қалыптасқан болатын.

Биылғы жылы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің бастамасымен «Астана» медресе колледжінің Қыздар бөлімі ашылып, сынақ емтиханынан сүрінбей өткен 22 қыз оқуға қабылданған болатын. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған ҚМДБ қызметкерлері мен қала имамдарының, зиялы қауым өкілдері мен Елорда жамағатының қатысуымен бүгін «Әлжан ана» мешіті жанынан Қыздар медресесі салтанатты түрде ашылып, көпшіліктің ақ батасымен жұмысы басталды.

Сондай-ақ, соңғы жылдары медресеге түсуге талап білдірген шәкірттер санының көбеюіне орай «Астана» медресе-колледжі жаңа оқу жылында жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Ашылу салтанатында Сөз сөйлеген Серікбай қажы Ораз қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының елдегі діни кадр даярлау ісінің бір жүйеге түскенін айтып, сырттан шақырылатын мамандарға зәрулік жоғын жеткізді. Білім жолындағы шәкірттерге ақ батасын арнап, үздік оқуларына тілектестігін білдірді.

Елорда тарихындағы айрықша оқиғаға қала әкімі Алтай Көлгінов те өз тілеулестігін білдіріп, арнайы құттықтау лебізін жолдады. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының бөлім бастығы Нұрдәулет Әлмұқан салтанатты шара аясында жамағатқа шаһар басшысының құттықтауын оқып беріп, ҚМДБ басшылығы мен медресе ұжымына алғысын жеткізді.

Үш қабаттан тұратын жаңа ғимарат ішінде шәкірттер үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Демеуші азаматардың қолдауымен барлық жатын бөлмелер мен оқу залдары, кітапхана мен дәріс бөлмелері, спорттық жаттығу залдары мен арнайы информатика кабинеті түгелдей жаңа жиһазбен жабдықталған. Сондай-ақ, медресе басшылығының ұйымдастыруымен шұғыл медициналық көмек көрсететін арнайы дәрігерлік бөлме де ашылып отыр.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1046285
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ковалев пен Альварес ал 4 min
"Астана" "Манчестер Юна 14 min
Рамазан қарсаңында меші 14 min
Интернет жұлдызы тікеле 24 min
Қытайдың ең бай адамы Т 1 sagt
РАМАЗАН – МҮМКІНДІК АЙЫ 1 sagt
Түркістанда Open Space 1 sagt
Жеңіс Қасымбек Қарағанд 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
UFC чемпионы ұйым басшы 1 sagt
Елордада Тіл туралы заң 1 sagt
Рысқалиевтер ісі: Мемле 2 sagt
Әблязов қорқып отыр - Б 2 sagt
Ақтөбеде жолақысын карт 2 sagt
Ұстаздарды артық жұмыст 2 sagt
Парижде үкіметке қарсы 2 sagt
Атырау облысы Қазақстан 2 sagt
Тағы бір қазақстандық с 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Оралда жүкті әйел көпір 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қазақстанда Цифрлық ком 3 sagt
Тоқаев "Оралман" сөзіне 3 sagt
Бекзат Нұрдәулетов – әл 3 sagt
Қостанайлық қайырымды ж 3 sagt
Қазнетке 25 жыл толды - 3 sagt
Министр Риддердегі спор 3 sagt
Димаш Құдайберген қытай 3 sagt
"Барлығын түсіріп, өзі 3 sagt
Балалар музыкамен айнал 3 sagt