Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1613940633 %67 %

«Астана» медресе-колледжінің қыздар бөлімі ашылды (ФОТО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 18:00 - 2019/09/10





Елордада «Астана» медресе-колледжінің қыздар бөлімінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Білім ордасының ашылу шарасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов, қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазықызы, елордалық имамдар мен дінге жанашыр қала тұрғындары қатысты.

Бас мүфти жаңа орталықтың ашылуымен құттықтап, ел астанасында тұңғыш ашылған білім ордасының руханиятымыздағы маңызы жайында тоқтала келе:

«Әйел-аналарымыз жан-жақты білімді болса, болашақ ұрпақты да солай тәрбиелейді. Жаңа медресемізді ашудағы негізгі мақсат – дәстүрлі дінімізді салтымызбен сабақтастырып, тарихи, рухани құндылықтарымызды дәріптейтін мамандар тәрбиелеу. Бүгінде еліміз бойынша 1500 шәкіртіміз университетте оқып жатыр, 2500-ге жуық шәкірт орта білім беретін медресе-колледждерімізде білім алуда. Демек, біз отандық кадрларды даярлауға толыққанды мүмкіндігіміз бар. Біз сырттан келетін діни кадрлар мен шетелдік теологтарға мұқтаждықтан толықтай арылдық», – деп атап өтті.

Қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы қыздарға арналған оқу ордасының ашылуымен құттықтап:

«Абай атамыз отыз жетінші қара сөзінде «Адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» дейді. Елге қызмет ететін, жеті жұрттың қамын жейтін адамның баласын тәрбиелейтін жан міндетті түрде иманды болуы керек. Тәуелсіздік қазаққа не берді десек, әуелі қираған мешіттерімізді қалпына келтірді деп қуанышпен айта аламыз. Елдің қамын ойлайтын тұлға алып анадан туады. Осы жерден алып аналар шығуына тілектеспін», – деді.

Ғимаратта оқу залы, асхана, жатақхана, алғашқы медициналық көмек көрсететін бөлме, ұстаздар кабинеті бар. Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет ашылған оқу орталығына биыл 21 шәкірт білім алатын болады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1046250
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 10 min
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 27 min
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 1 sagt
Самбодан Азия чемпионат 1 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 1 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 2 sagt
Оралда қос автокөлік со 2 sagt
Кубада бензин тапшылығы 2 sagt
Пойыз бен автобус соқты 2 sagt
Менің жазғы демалысым 2 sagt
Оралда қос автокөлік тү 2 sagt
Шамалғандағы апат бойын 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Апаттан зардап шеккенде 2 sagt
Хабарландыру! – S 2 sagt
Пойыз бен автобус соқты 3 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 3 sagt
Футболдан кезекті қайыр 3 sagt
Шамалғандағы апат болға 3 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Бішкекте барысты қорғау 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Иран әйелдері футбол та 4 sagt
Шамалғандағы апат: Авто 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt
А каков твой намаз?! | 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt
Шамалғандағы апатқа қат 4 sagt