Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21667272339 %61 %

Отбасы күніне орай Бас мешітте мерекелік шара өтті (ФОТО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 20:30 - 2019/09/08



Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасылық мерекеге айналып, еліміздің түкпір-түкпірінде жанұя жарасымдылығын насихаттайтын шаралар көптеп ұйымдастырылып келеді. Солардың қатарында Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша тұрақты түрде өтіп келе жатқан «Мерейлі отбасы» мерекелік шарасы биылғы жылы айрықша аталып өтті.

Еліміздің Бас құлшылық ордасында өткен «Мерейлі отбасы» рухани кездесу кешіне «Әзірет Сұлтан» мешітінде соңғы бір жыл ішінде некесін қидырған жас жанұялар арнайы шақырылып, тәрбие мен тағылымға толы мерекелік шара тарту етілді. Қатысушылар арасында ойындар ойнатылып, бүгінгі мерекеге орай жүлделі сыйлықтар үлестірілді.

Қасиетті Құран аяттары оқылып, ақ батамен ашылған кездесу аясында ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Еуразия Ұлттық университетінің проректоры, академик Дихан Қамзабекұлы және Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин сынды ел ағалары отбасылық құндылықтар тақырыбында насихат айтып, жаңадан шаңырақ көтерген жастар үшін қажетті кеңестермен бөлісті. Бүгінгі басқосуға келген жастар үшін әр айтылған насихат пен қажетті кеңестердің орны ерекше болғандай. Бұдан бөлек, мешіт басшылығы қатысушылардың барлығына арнайы бүктемелер мен рухани кітаптар тарту етіп, кеш тағылымын арттыра түсті.

Шара аясында ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, нәрестеге азан шақырып ат қою, бүлдіршіннің тұсауын кесу және үлкен өмірге қол ұстаса аттанған екі жастың неке қию рәсімдері орындалды. Дін мен дәстүріміздің сабақтастығынан туындаған бұл рәсімдердің барлығы да жамағаттың ақ тілегі мен батасына бөленіп, құлшылық ордасының іші қуанышқа толды.

Шара соңында қатысушылар арасында ұтыс ойындары ойнатылып, түрлі сыйлықтар үлестірілді. Жас отбасыларға қажетті құрал-жабдықтардың түр-түрі ойнатылған ұтыстың басты жүлдесі – «Мойылды» шипажайына жолдама болды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

,

 

Дереккөз: Muslim.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1045247
Пікірлер

Көрші сілтемелер