Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-2118259643 %57 %

Бас мүфти профессормен пікірлесті (ФОТО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 14:00 - 2019/09/06





Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас кеңсесінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ҚР дипломатиясына еңбегі сіңген қайраткер, экономика ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Сайлау Батыршаұлымен кездесті.

Басқосуда қазақ дипломатиясының тарихы мен шет елдермен қарым-қатынастың тәуелсіздік жылдарындағы аяқ алысы, Алматыдағы Нұр-Мүбәрак университетінің ашылу тарихы, жастардың рухани өмірі мен бүгінгі болмысы сөз болды.

Бас мүфти профессорға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бүгінгі тынысы мен тіршілігі, рухани саладағы игі жобалары жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, 2020 жылы мүфтияттың ашылғанына 30 жыл толуына орай жүзеге асатын ауқымды шаралар жайлы сөз болды.

Қазақ дипломатиясына еңбегі сіңген қайраткер ҚМДБ-ның бастамалары мен игі істеріне тілеулестік білдіріп, авторлық еңбегін Серікбай қажы Оразға сыйға тартты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1044009
Пікірлер

Көрші сілтемелер