Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-241670648361 %39 %
2020-01-25980317759 %41 %
2020-01-26455130253 %47 %

«Нұр Астана» мешітінде ұстаз ауысты (ФОТО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 10:00 - 2019/09/05





Бүгін елорда төрінде орналасқан «Нұр Астана» мешітінде  ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарған Динара Құтқожақызына Бас имам Асқар Әбітайұлы алғыс хат тапсырды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Салтанатты жиынға Бас имам Асқар Әбітайұлы мен наиб имам Бақдәулет Нұрматұлы қатысты. «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелері бас қосқан отырыста сөз алған Бас имам Мұқанов Асқар ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Нұр-Сұлтан қаласы өкілі, ұстаз Нұрғалиева Динараға асыл дінімізді, ұлттық құндылықтар мен дәстүрімізді насихаттау жолында атқарған қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, жаңа қызмет орнында толағай табыстар тіледі. 

Айта кетейік, Динара Құтқожақызы «Нұр Астана» мешітінде ұзақ жылдар ұстаздық жұмысымен қатар ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі қызметін атқарды. Сондай-ақ, мешіт жанынан ашылған «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі ретінде көптеген рухани-мәдени іс-шараларға мұрындық болды. «Жібек» қыз-келіншектер клубы осы уақытқа дейін қала деңгейінде көптеген қайырымдылық шаралар ұйымдастырумен көзге түскен болатын. 

Сондай-ақ, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен «Нұр Астана» мешітіне тағайындалған жаңа ұстаз Талғанбаева Қарлығаш Қажымәлікқызы әйел жамағатына таныстырылды. 

Дереккөз: ummet.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1043347
Пікірлер

Көрші сілтемелер