Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-23535344954 %46 %
2019-08-2415680957 %43 %

Қасиетті мерекеде қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды (ФОТО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 10:45 - 2019/08/11





Қасиетті Құрбан айт мерекесі жылдағы дәстүр бойынша «Әзірет Сұлтан» мешітінде ұлттық нақышта әрлене түсті. Мешіт ауласына айт мейрамына орай арнайы қазақ үйлер тігіліп, айтшылаған халыққа мерекелік көңіл күй сыйлады. Бір-бірін бауырға басып, айтпен құттықтаған жамағатқа толған мешіт ауласындағы мереке көрігін қайырымдылық жәрмеңкесі де қыз-қыз қайната түсті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздары мен жамағатының, еріктілер тобының бастамасымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан жәрмеңке сөрелері бұл жолы да өз келушілерін түрлі тағамдарымен қарсы алды. Қолдан пісірілген тәтті өнімдердің түр-түрі, буы бұрқыраған ыстық тағамдар, ұлттық сусындар мен өнімдер алушылардың алғысын ғана тудырып жатты.

Айта кетейік, дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мейірімділік мекені» жобасы аясындағы қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаржы тұрақты түрде науқас сәбилердің саулығына жұмсалып келеді.

 

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1033036
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар