Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-21488310821 %79 %
2019-07-22557193641 %59 %
2019-07-23315106937 %63 %

«Қыдыр ата қолдасын» деп айту дұрыс па? | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 15:00 - 2019/07/12





Сұрақ: Тойда, жиындарда, мерекелерде жасы үлкен кісілерден бата сұраған кезде «Қыдыр дарысын», «Қыдыр қолдасын» деп айтып жатады. Бұл қаншалықты дұрыс немесе бұрыс?


Жауап

Қыдыр/Хидр сөзі - араб тілінде үш түрлі қолданылады хадр, хидр және худр қазақ тілінде «жасыл» деген мағынаға саяды. Құран Кәрімде[1] қиссасы баяндалған Қыдыр Мұса пайғамбардың (ғ.с.) заманында өмір сүрген. Тәпсір кітаптарында пайғамбар немесе әулие кісі болғандығы айтылады. Қыдыр деп аталуы, «жүрген жерінен көк шөп пен жасыл желек шыққандығынан немесе жасыл киім киетіндігінен»[2] деп айтылады.

Қыдыр жайында ғұламалар арасында екі түрлі пікір бар:

1. Мұса пайғамбардың (ғ.с.) заманында өмір сүрген, қазір жоқ, дүниеден өтіп кеткен.

2. «Иса пайғамбар мен Қыдыр әлі де тірі» деген пікір.

Қазақы түсінігімізде Қыдыр ата, жақсылық таратушы, қиналғанға көмектесіп, береке тасушы секілді ұғым бар. Сондықтан бата бергенде «Қыдыр дарысын», «Қыдыр қолдасын» деп айтып жатады. Бұл сөздері үшін күнәһар болды немесе Аллаға ортақ қосып діннен шықты дей алмаймыз. Алайда, шариғаттың шеңберінен асып кетпеу – әрбір мұсылманға міндет. Бата бергенде халық арасында наразылық тудыратын немесе таласты сөздерді қолданбаған жөн.

 


[1] «Кәһф»сүресі, 60-82 аяттар
[2] Қуртуби, әл-Жәмиғ ли Ахкамил-Қуран, 65-ші аят тәпсірі


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1022317
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Құрылыста отандық матер 4 min
Арасанда шяңзысу саяхат 4 min
Аптап ыстық қашанға дей 4 min
Еліміз жаратылыстық бай 4 min
Ержан Жиенбаев ҚР Премь 4 min
Ресей реваншистері туы 4 min
Ши жинпиңның жаңа ٴдауы 4 min
Еліміздің бірқатар өңір 7 min
Ақмолада киікті қорғаға 10 min
Осы араны басып көріңіз 14 min
Үй жағдайындағы тырнақ 19 min
Елімізде қанша көл мен 19 min
Шымкент жастарының құқ 24 min
Автономялы райондық әйе 24 min
Тоғызыншы қабаттан құла 25 min
Қазақстан 60-тан аса ел 1 sagt
Алғашқы нәтижеге қараға 1 sagt
”шинжяңның ауыл шаруашы 1 sagt
Бұл Президент сынын ха 1 sagt
Жас босанған әйелдің өл 1 sagt
Жерді сату және жалға б 1 sagt
Ардақ Назаров жастарды 1 sagt
Ақмолада киікті қорғаға 1 sagt
Шетелдік жұмыс күші бар 1 sagt
Желтоқсанда жаңа Эколог 1 sagt
Үлкен наншан халықаралы 1 sagt
Сыртқы сауда дамуының с 1 sagt
Линжың юе – ы зорлықты 1 sagt
Агроөнеркәсіптік кешен 1 sagt
Египет шара қолданып, ә 1 sagt