Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-12711272041 %59 %
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-1427998337 %63 %

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының кезекті көмегі Арысқа жеткізілді (ФОТО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 14:00 - 2019/07/11





ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры мен өңірлердегі өкілдерінің бірігуімен Арыс халқына кезекті көмек жеткізілді. Жалғасын тапқан «Арысқа жылу» шара аясында азық-түлік өнімдері мен керек-жарақтар үлестірілді.

Астанадан жолданған аманатты Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді күтіп алды. Арыстықтарға «Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтың сәлемін жеткізді. Ал жәрдемге қолы жеткен арыстық аналар алғыстарын айтып қалды.

Сонымен қатар, «Арысқа көмек» атты іс-шараны қолдай отыра, Шымкент қаласының Даму қорының есеп-шотына Нұр-Сұлтан қаласы ҚМДБ «Зекет» корпоративтік қорының Бас кеңсесінен қомақты қаржы да аударылды. Бұл – ҚМДБ «Зекет» қорының өңірлердегі өкілдіктерімен бірлесе отырып қайырымдылық іске қосқан үлестерінің бір бөлігі.

Бұған дейін жиырмадан астам көмек керуені мен қаржылай жәрдем көрсетілген болатын.

Бас Мүфти Серікбай Ораз айтқандай, бұл оқиға барша азаматты қайырымдылық ісінде біріктіріп, сондай-ақ бауырмашылдығын арттыруда.

Жұдырықтай жұмыла ортақ жүкті көтерісіп, жылуларын аямаған барша азаматтарға Алла разы болсын!

 

Дереккөз: «Зекет» қорының баспасөз қызметі


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1021884
Пікірлер

Көрші сілтемелер