Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16433263247 %53 %

Жамбылдық өнертапқыш мүгедектерге ыңғайлы велосипед түрін жасады | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 15:15 - 2019/07/09





Жамбыл облысы Меркі ауданының жас өнертапқышы Медет Әлімжанов мүмкіндігі шектеулі жандар үшін велосипедтерден құрастырылған  «Қолғанат» коллекциясын жасап шығарды.

«Аудан орталығында әрдайым мүгедектер арбасындағы апаны бір атаның жаяу алып жүретінін көретінмін. Жаңбырлы күндердің бірінде сол кісілерді жол бойынан кезіктіріп, бірден тоқтап, межелі жеріне алып баруға ниет таныттым. Дегенмен апа көлікке мінуден бас тартты. Атадан сұрап, олардың  орталықтан 4-5 шақырымдай қашықтау жерде тұратынын білдім. Осы жағдайдан кейін мен мүгедектер арбасын алып жүруге ыңғайлы велосипед түрін жасауды ойластыра бастадым. Сөйтіп, баламды балабақшаға алып баруға арнайы құрастырған үш доңғалақты велосипедімді мүгедектер арбасына ыңғайластыру жолдарына кірістім», - дейді ол. 

Сөйтіп Медет үш доңғалақты велосипедінің рулін алып тастап, арбаның артқы жақтауына оңай ілінетіндей етіп қайта құрастырып шыққан. Айта кетерлігі, оның туындысы кез келген арбаға емін-еркін орнатыла береді. Жалпы, кәдуілгі велосипедтің доңғалағы, педалі мен айналмалы шынжыры ғана қалыпты. Қалған бөліктерінің барлығын Медет арбаны тізгіндеуші адамға ыңғайлы етіп құрастыра білген. Тағы бір ерекшелігі, межелеген жерге жеткен соң велосипед арбадан оңай ажыратылады, яғни алып жүруге ыңғайлы.

«Мұны жасаудағы мақсатым - мүгедектерге арналған арбаны алып жүретін қамқоршылардың жұмысын жеңілдету. Себебі көп жерде инво-таксилер жүре бермейді. Сондықтан елді мекендер арасында мұнымен жүру өте ыңғайлы әрі тебу жеңіл»,- дейді жас өнертапқыш.

Медетке жаңа құрылғыны жасап шығуына бар-жоғы  4-5-ақ күн уақыт кетіпті. Ал шығыны 40 мың теңгені құраған. Бұл қаржыға қажетті темір-терсектерді  сатып алған. Толықтай құрастырып шыққаннан кейін ол өз туындысын алдымен  аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне барып сынақтан өткізіп көріпті. Ондағылардың барлығының көңілінен толықтай шыққаны оның талабына қанат бітіріпті.  Алдағы уақытта өнертапқыш осындай велосипедті көптеп құрастыруды жоспарлап отыр.  

Дереккөз: Қазақпарат


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1020998
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


ХҚА еліміздің сирек кіт 6 min
Имамдарға оқыту курсы б 9 min
Намазда ықылық тисе, на 9 min
Бүркітбай Аяған: Ғылымғ 12 min
Ма чаушұй сыртқы істер 19 min
Арыс қаласында 1 172 үй 19 min
Ислам дінінде адамдар 3 24 min
Елордадағы үлестік құры 24 min
Оралда суға батуға әрек 29 min
СҚО-да учаскелік инспек 30 min
Өмірзақ Шөкеев комбайнм 1 sagt
KASE: Доллар бағамы тағ 1 sagt
Атырау тұрғындары төрті 1 sagt
Астанада аптап ыстықтан 1 sagt
Жяңсу: байлықтан бірге 1 sagt
Партя құрылысының негіз 1 sagt
Көкшетауда ең ұзын құра 1 sagt
Оралда қос бірдей жасөс 1 sagt
Британдық дәрігерлер си 1 sagt
Нұр-Сұлтаннан Шанхай ме 1 sagt
Ыстықкөлде жоғалып кетк 1 sagt
Димашпен салыстыру, өм 1 sagt
Хилұңжяң: емдеу арқылы 1 sagt
Оқу-ағарту істеріне таб 1 sagt
Тоқаев Мемлекеттік қызм 1 sagt
Астанада аптап ыстықтан 1 sagt
Бүрітбай Аяған: Ғылымға 1 sagt
Қазақстан ыстық десеңі 1 sagt
Ирак ДАИШ балаларын алы 1 sagt
Оралда туристер мінген 1 sagt