Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 21:40 - 2020/07/07

Нақты Көзі: http://www.massaget.kz/layfstayl/sport/zhanalyktar/62660/


Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт


Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт

АҚШ-та америка футболынан Ұлттық футбол лигасында бақ сынайтын "Канзас-Сити Чифс" командасы ойыншысымен рекорды келісімшартқа отырды.

"Канзас-Сити Чифс" командасы Патрик Махоумспен он жылға келісімшартқа отырды. Осы уақыт аралығында спортшы 503 миллион доллар табыс табады. Бұл спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт болмақ.

Бүгінде рекорд бейсболшы Майк Траутуға тиесілі. 2019 жылы ол "Лос-Анджелес Энджелс" командасымен 12 жылға келісімшартқа қол қойған. Майк Трауту 12 жылда 430 миллион доллар қаржы алады.

Патрик Махоумс пен "Канзас-Сити Чифс" командасы арасындағы келісімшарт 2022 жылы күшіне енеді. Ал оған дейін спортшы 27,6 миллион доллар табыс табады.

Биылғы маусымда "Канзас-Сити" Ұлттық футбол лигасында Супербоулда "Сан-Франциско Форти Найнерс" командасын жеңіп, чемпион атанды. Ал Патрик Махоумс Супербоулдың үздік ойыншысы деп танылды.

*Америкалық футболы – АҚШ, Канада және Америка құрлығының басқа да мемлекеттерінде кең тараған регбиге ұқсас ойын. XIX ғасырдың екінші жартысында Гарвард университетінде пайда болған. 1967 жылдан бері АҚШ-та тұрақты чемпионат өткізіліп келеді.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1215672
Пікірлер

Көрші сілтемелер