Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 19:45 - 2020/07/07

Нақты Көзі: http://www.massaget.kz/layfstayl/madeniet/kino/62664/


Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды


Ақан Сатаев

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президент болып Ақан Сатаев тағайындалды.

Ұжымға жаңа басшыны Мəдениет жəне спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі.

Айта кетейік, бұл қызметті бұған дейін Арман Асенов атқарған болатын.

Ақан Қарғамбайұлы Сатаев 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін тəмамадаған.

2003 жылы "Sataifilm" студиясының негізін қалап, 2007 жылы «Рэкетир» атты алғашқы толықметражды фильмін, "Адасқан" мистикалық триллерін (2009), "Ағайынды" сериалын (2009), "Ликвидатор" психологиялық драмасын (2011), "Жаужүрек Мың бала" тарихи фильмін (2012) түсірген. Сондай-ақ "Районы" криминалдық драмасы мен "Анаға апарар жол" тарихи драмасының (2016), "Бизнесмены" (2018), "Томирис" (2019) жəне тағы басқа туындылардың режиссері.

2014 жылы киноиндустрия саласының үздік өкілі ретінде "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығына ие болды.

2016 жылы жас режиссерлерді қолдауға бағытталған Astana Film Found қорының негізін қалаған.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1215614
Пікірлер

Көрші сілтемелер