Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Әлемдегі ең үлкен көлік



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 14:20 - 2020/07/07

Нақты Көзі: http://www.massaget.kz/layfstayl/tehno/auto/e-ee/62614/


Әлемдегі ең үлкен көлік


Әлемдегі ең үлкен көлік

Жақында Беларусьтің БелАЗ компаниясы 810 тонна болатын өзі аударғыш жүк машинасын жасап, Гиннес рекордтар кітабына ең үлкен көлік ретінде тіркелді.

БелАЗдың қуаты 4600 ат күшіне тең. Алпауыт көлік терең кен орындарында кез келген ауа-райында жұмыс істеуге арналған. Көліктің 8 дөңгелегінің әрқайсысы 100 тоннаны көтеруге шыдайды екен.

Осы орайда назарларыңызға өзге де Гиннес рекордтар кітабына енген өзге автокөліктерді ұсынамыз.

Ең ысырапшыл көлік – Bentley Meteor. 850 аттың күші бар ұшақтың қозғалтқышы салынған көлік 100 шақырым жолға 117 литр жанармайды тұтынады екен.

Ең ұзын көлік – Cadillac Eldorado. Бұл көліктің иесі лимузинді 30 метрГЕ ұзартқан. Ішіне бірден 50 адам сияды. 

Ең жылдам сериялы жасалған көлік – Shelby Supercars Ultimate Aero TT. Қозғалтқышының қуаты 1287 аттың күшіне тең бұл көлік жылдамдығын сағатына 411 шақырымға дейін жеткізе алады. 

Еске салайық, Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2015 жылы басталды. Бүгінде екінші деңгейлі банктерден жеңілдетілген 4 проценттік мөлшерлемемен жаңа көлік сатып алуға болады. Сатылымда Chevrolet компаниясының Cobalt, Malibu,  Trailblazer және Tracker сұранысқа ие.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1215341
Пікірлер

Көрші сілтемелер