Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 16:00 - 2020/07/06

Нақты Көзі: http://www.massaget.kz/layfstayl/sport/zhanalyktar/62654/


Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?


Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұловтың беделді UFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жегін 11 шілде күні "Жауынгерлер аралында" өткізеді.

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 13 маусым күні америкалық спортшы Джордан Эспинозаға қарсы өткізуі қажет болатын. Алайда коронавирус пандемиясының салдарынан бұл кездесу өтпейді.

Бүгін белгілі болғандай Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебютін 11 шілде күні өткізеді. Абу-Дабидегі "Жауынгерлер аралында" өтетін UFC 251 кешінде қазақстандық спортшы бразилиялық Раулиан Паиваға (19-3) қарсы жұдырықтасады.

Қазақстандықтар UFC 251 турнирін 11 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен 03:55-те Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре алады. 

Күні кеше белгілі болғандай, жартылай орта салмақта UFC рейтингінің көшін бастап тұрған Гилберт Бёрнс коронавирус жұқтырып, турнирге қатысудан бас тартқан. Енді  Хорхе Масвидаль оның орнына Камар Усманға қарсы жұдырықтасады.

Сондай-ақ, қазақстандық Шавкат Рахмонов жарақат алуына байланысты UFC Fight Night 174 турниріне қатыспайтын болды. Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебютінде ресейлік Рамазан Эмеевке қарсы жұдырықтасуы қажет еді.  UFC Шавкат Рахмоновтың орнына жекпе-жекке неміс спортшысы Никлас Штольцтің шығатынын растады. Неміс спортшысы масанбында 12 жекпе-жегінде жеңіске жетсе, үш қарсыласына есе жіберген.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1214762
Пікірлер

Көрші сілтемелер