Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сабина Алтынбекова Италия чемпионатында ойнайды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 17:55 - 2020/07/04

Нақты Көзі: http://www.massaget.kz/layfstayl/sport/zhanalyktar/62637/


Сабина Алтынбекова Италия чемпионатында ойнайды


Сабина Алтынбекова Италия чемпионатында ойнайды

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Италияның "Волалто Казерта" командасының жейдесін киді.

Бұл туралы италиялық команда ресми хабарлады. Қазақстандық волейболшы жаңа клубымен екі жылдық келісімшартқа отырған.

"Волалтоның" жарқын трансфері, Қазақстан құрамасының ойыншысы, елінің маржаны, Мисс волейбол, Instagram-парақшасында 1 миллион оқырман жазылған, YouTube-та 4 миллион қаралым жинаған Сабина Алтынбекова екі маусым бойы "Волалто Казертаның" жейдесінде өнер көрсетіп, клубтың имиджіне жауап береді.

Бұл трансферді клубтың басқарушы директоры Розалии Сантороның өзі жүргізді. Сабине тек дарынды ойыншы, Қазақстан құрамасының көшбасшы ғана емес, әлемнің ең сұлу қыздарының бірі. Сұлулық, күш пен сүйкімділік – қош келдің, Сабина!" - деп жазды италиялық клуб. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Benvenuta Sabina! #volaltoduepuntozero #caserta

Публикация от Volalto 2.0 Caserta (@volalto2.0caserta)4 Июл 2020 в 1:08 PDT

Алдағы маусымда "Волалто Казерта" Италияның ең жоғарғы әйелдер лигасы – А1 Сериясында бақ сынайды. Былтыр клуб соңғы 14-орын алғанына қарамастан коронавирус кесірінен чемпионаттың ерте тоқтауына байланысты жоғары лигадағы орнын сақтап қалды.

Сабина Алтынбекова өткен маусымды Біріккен Араб Әмірлігінің "Әл-Васл" командасында өткізді. Жарты жылға жуық БАӘ чемпионатында ойнап, кейін командамен қош айтысты. 

Айта кетейік, 23 жастағы волейболшы бұған дейін де шетелде ойнап көрген. Ол 2015 жылы Жапонияның екінші лигасында бақ сынайтын CSS Sunbeam командасының сапында ойнады. Ал Қазақстанда "Алматы" клубында өнер көрсеткен.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1213950
Пікірлер

Көрші сілтемелер