Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ДДҰ коронавируспен күресте цифрлы технологияны пайдалануға шақырды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 20:40 - 2020/06/27

Нақты Көзі: http://www.massaget.kz/layfstayl/tehno/62564/


ДДҰ коронавируспен күресте цифрлы технологияны пайдалануға шақырды


ДДҰ коронавируспен күресте цифрлы технологияны пайдалануға шақырды

Сандық технология коронавирус пандемиясымен күресуде жетекші рөл атқара алады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күнгі онлайн-брифинг кезінде мәлімдеді.

"Сандық технология пандемиямен күресте жетекші рөл атқара алады. Ол науқастанған адамдардың кіммен байланыста болғанын анықтайды. Еуропада сандық бақылау туралы ұлттық шешім қабылдаған 27 елдің құрамында Австрия, Грузия және Солтүстік Македония бар. Тағы 4 ел (Андорра, Финляндия, Ирландия, Португалия) жобаны дайындап жатыр", – деді Клюге.

"Сандық технология мен жасанды интеллект пандемия кезінде өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Францияда телефондағы виртуалды көмекші жасанды интеллектің көмегімен бір уақытта мыңнан аса адамға жауап бере алады", - деп толықтырды ол.

"Италия жасанды интеллектіге негізделген технологияны сынақтан өткізіп жатыр. Ол смартфондағы бағдарлама мен камера арқылы жүрек жиырылуының жиілігі, жүрек ырғағының әртүрлілігі, оттегімен қанығу және тыныс алудың жиілігі туралы маңызды мәліметтерді жинайды. Швецияда телемедицина дәстүрлі көмекті қолдау үшін пайдаланылады", - деді Ханс Клюге.

Коронавируспен күресуде сандық технологияны ұтымды пайдалануға шақырған ДДСҰ Еуропа өңірлік бюросының басшысы адамдардың жеке мәліметтерінің де қорғалуына баса назар аудару керектігін атап өтті.

inform.kz

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1209378
Пікірлер

Көрші сілтемелер