Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-151990658361 %39 %
2019-11-161216428648 %52 %
2019-11-17953306341 %59 %

Аян Тұрсын: "Бахрейнге өз алтынымды алуға бара жатырмын" Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 20:40 - 2019/11/08


Аян Тұрсын: "Бахрейнге өз алтынымды алуға бара жатырмын" Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Аян Тұрсын:

2019 жыл 10-16 қараша аралығында Бахрейнде ММА бойынша Әлем Чемпионаты өтеді. Чемпионатқа  әлемнің 50 елінен 500-ге жуық спортшы және Қазақстан Республикасы ММА аралас жекпе-жек федерациясы атынн 48 үздік спортшы қатысады.

Қазақстан құрамамындағы спортшылар арасында алтынға үміткер – Аян Тұрсын. 25 жастағы Аян жеңіл салмақтағы (бойы – 158 см, салмағы – 47 кг) спортшылар арасында №1 спортшы, таэквондо, ушу-санда, жекпе-жек және джиу-джитсу өнерін жетік меңгерген.

- Аян, Бахрейндегі чемпионаттан не күтесіз?

- Мен бұл чемпионатты екі жыл күттім. Әр түні ұйықтар алдында «Сен 2017 жылы жол берген қателіктеріңді осы жолы түзеуге тиіссің"! – деген оймен ғана көз іліп жүрдім.  Сол кезде жаттықтырушым (ММА бойынша ҚР әйелдер командасының жетекшісі Нұрлан Мамыралиев,- ред) «Сен өз алтыныңды алып, басқа біреуге силап жібердің ғой»- деп қатты ұрысқан болатын. Иә, мен ол кезде өз қатемнен жеңілген едім. Бұл жолы жіберген қателігімді түзеткім келеді. Бұл жолы маған үлкен үміт артылып, менен тек қана алтын күтіліп отырғандарын білемін. Бұл үміт мен үшін үлкен жауапкершілік. Аллаға шүкір, мбұл жолғы дайындығым екі жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғары. Жақсы формадамын. Бұл жолғы Әлем чемпионатында алтынымды қайтарып алып келемін. Бойыма міндеттелген ел абырайын сақтауға соңына дейін бар күшімді салып күресетін боламын.

- Бұл жолғы қарсыластарыңыздың қайсысын қауіпті деп санайсыз?

- Әлем чемпионатында әлсіз қарсыластар жоқ. Әлемнің ең мықты деген спортшылары қатысатындықтан барлық қарсыластарым оңай болмайтынын білемін. Барлығы да өз елдерінің бірнеше дүркін чемпиондары екені белгілі. Онда Еуропа, Америка, Азия чемпиондары, әлем жүлдегерлері бар. Мен барлығымен жкпе-жеек өткізуге дайынмын. Дайындық барысында швед елінен келетін спортшымен көршіміз ресейлік спортшыларға қатты көңіл аудардым. Өйткені өткен чемпионатта мен швед елінің спортшысынан ұтылғанмын. Ал Ресейлік спортшылар кез-келген спорт түрінде - біздің басты бәсекелесіміз екені айтпасам да белгілі.

- Аян, сіз жастығыңызға қарамастан  қуаныштың да, қайғының да дәмін татып үлгердіңіз. Ерте жастан әкеден айырылып өмірдің ащы дәмін таттыңыз. Өмір сізге не үйретті? Сіздің өмірлік ұстанымыңыз қандай?

- Өмір-бұл күрес. Егер сенің өміріңе қиын сәттер келсе, және сен сол қиындықтарға мойымай төзе білсең Аллаһ сені міндетті түрде жақсы нәрсемен марапаттайды. Егер сен бір нәрсеге ұмтылып, сол нәрсеге жету жолында талмай еңбектенсең Аллаһ саған көмектеседі. Мен бұған сенемін және оған әр жолы көз жеткіземін. Бір күні анам маған "Әлем чемпионының анасы" болуды армандайтынын айтты. Мен үшін бұл ең үлкен мотивация болды. Адам өзін дамыту жолында жұмыс істеп жатса, ол тірі, ал егер бұл қабілет жоғалса, онда ол жай ғана бар.

- Сіз бапкеріңіз Нұрлан Мамыралиевті «Екінші әкем» деп атайсыз. Олай айтатындай ол сізге не үйретті? Қиындықты қалай жеңесіз?

- Менің жаттықтырушым тек спорт жағынан, жаттықтыру жағынан ғана емес, өмірде қиын кезде де , қуанышты сәттерде де қасымнан табылаатын жанашырым.  Ол кісі мен үшін ненің жақсы, ненің жаман екенін нұсқап отыратын ақылшым. Кез-келген сәтте барлық сырымды ақтарар сырласым. Алғаш жаттығуға келіп жүрген кездерде менің жаттығуға келіп жүрген кездерімде кей-кездері жолыма ақшам болмай жаяу келетін кездер болған. Сондай кездерде өз қалтасынан ақша шығарып маған беретін. Кей-кездері қалтасындағы ақшасын алып екіге бөліп көп бөлігін маған беріп өзі жаяу қайтқан кездері де болған. Ол жаттығу барысында қатал болғанымен өмірде ең мейірімді адам.  Мені жамандыққа жақсылықпен жауап беруге үйреткен адам.

 

- Жекпе-жек алдында өзіңізді немен сабырға шақырасыз? Медитация, дұға, әлде басқа нәрсе?

- Мен ең алдымен Алла Тағаланың қолдауын сұраймын. Жекпе-жек алдында  көп сөйлегенді ұнатпаймын, тыныш қана патриоттық музыка тыңдап отырған ұнайды.

- Сіз жігіттермен спарринг жасауға қарсы емессіз дейді. Егер бұл рас болса, неге?

- Иә, бұл шындық. Мен бала кезімнен жігіттермен төбелестім. Неге екенін білмеймін. Қыздармен төбелес кезінде оларға  әрдайым жаным ашып тұрады. Себебі, қыздар өте нәзік келеді ғой. Таэквондомен айналысып жүрген кезде де, қыздар арасындағы жарыстағы бірінші қарсыласымның мені ұрғанын күтетінмін. Ол бірінші бастағанда барып өзім іске кірісетінмін. ММА де солай. Ал жігіттермен жекпе-жек өткізген бөлек. Сен оларды қатты ұрып қоямын, бір жерін зақымдап қоямын деген қорқыныш болмай шын жүрегіңмен, бар күшіңді салып шайқасасын. Оларда саған солай жауап қайтарады. Негізі жігіттермен жаттыққан жақсы. Себебі, кейін қыздармен жекпе-жек өткізгенде әлдеқайда жеңіл өтіде.

 

- Күн тәртібіңізбен, тамақтану тәртібіңіз туралы айтып беріңізші.

- Күн тәртібім қарапайым. Таңертең тұрамын, таңғы ас ішемін, жаттығуға барамын. Жаттығудан кейін үйге барамын, түскі ас ішіп алып демаламын. Содан кейін-кешкі жаттығу, жаттығудан кейін-ұйықтау. Міне, менің күн тәртібім осындай.

- Сіздің сүйікті тағамдарыңыз? Диета ұстайсыз ба?

- Менің тәбетім, ағай айтқандай, "өте керемет". Сүйікті тағамдарым анам дайындаған манты, лагман және  бешбармақ. Мен тамақ таңдамаймын, ең бастысы, ет көп болса болғаны. Ал салмақ түсіруді бастағанда, рационнан ұн мен тәтті тағамдарды алып тастаймын.

- Сіздің ұраныңыз бен оқырмандарыңызға тілегіңіз.

"Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей!". Адам жақсы өмір сүргісі келсе, өз мақсаттарына қол жеткізгісі келсе еңбектенуі тиіс.

Сондай-ақ, барлық адамдардың спортпен айналысуын тілегім келеді.  Кем дегенде - таңертең жүгіріңіз. Есіңізде болсын: спорт әрқашан сәнде! Спорт арқылы өмірңізді жақсарта аласыз.

Жаттықтырушы Нұрлан Мамыралиевтің пікірі:

- Қазақстан ММА құрамасы Азия дивизионының аралас жекпе-жек әлеміндегі көшбасшысы болып табылады, Таиландта өткен Азия Чемпионатында кезекті рет сәтті өнер көрсетті.  Осы жолғы чемпионатта өз күшімізді дәлелдеп тек Азияда ғана емес әлем бойынша бірінші орында қаламыз деп үміттенеміз. Сонымен қатар, биылғы жылғы Әлем чемпионатында аралас жекпе-жектің Қазақстан біріккен федерациясының күш-жігерінің арқасында ММА барлық салмақ дәрежелерінде ерлер мен әйелдер дивизионының толық құрамы ұсынылған. Біздің спорт түрінің тарихында алғаш рет жиындардың толық циклы өткізілді, жиындардың өткізу кезеңі әлем чемпионаты өтетін жерде өтеді.

Әйелдер құрамасына келетін болсақ, қазіргі уақытта болжам жасау қиын, халықаралық чемпионаттардың деңгейі соңғы екі жылда айтарлықтай өсті, қатысушы елдер саны артуда. Әрине, біздің құрамада мықты, үміт артып отырған спортшылар бар. Атап айтар болсақ Аян Тұрсын. Аяннан тек алтын күтеміз. Аян қысқа мерзім ішінде жаңа спортшыдан бастап "мықты" спортшыға дейінгі жолды жүріп өтті. Бұл ретте ол жекпе-жектің төрт түрінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алды!

Аян аралас "Нағыз жеңіс өзгені емес, өзіңді жеңу!", деген Қазақстан аралас жекпе-жек біріккен федерациясының ұранын айқын бейнелейді. Спортшы торда шайқасып мінездің барлық жағымсыз қасиеттерін – жалқаулық, ашушандық, дұшпандық сияқты қасиеттерден арылып, патриоттық, өз отбасына, отанына, достарына, қоршаған ортаға деген махаббатты, еңбекқорлық, мақсатқа жетудегі табандылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіріп шығуы тиіс.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1069669
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Шымбұлақта шаңғы маусым 2 min
БҚО-да автокөлік аудары 2 min
Елорда полицейлері бейн 12 min
Пневмонияның алдын алу 21 min
Ақмола облысында ауылға 22 min
Ақтөбе облысында ауыл ш 1 sagt
Шаруаларға берілген арн 1 sagt
Қазақстанда 18 қарашада 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Подагра жайлы білесіз 1 sagt
Алматыда «Ел үміті» атт 1 sagt
СҚО-да медициналық көме 1 sagt
Қымбат Жампейісова. Сүй 1 sagt
Долой перфекционизм 1 sagt
Әнел Сақыш бокстан Азия 1 sagt
UFC файтері салмақ өлше 1 sagt
ЕЛОРДАДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕ 2 sagt
17 қараша күні елімізді 2 sagt
Что такое прокрастинаци 2 sagt
АҚШ-та Әбіш Кекілбаевты 2 sagt
Қазақстанның екі өңірін 2 sagt
Димашты Жапониядағы жан 2 sagt
Көкшетауда «ВАЗ 2110» к 2 sagt
Микро-әңгімелер циклы | 2 sagt
Қытайда жер сілкінді 3 sagt
БАС МҮФТИ «ДОН» ҚОРЫМЫН 3 sagt
Қазақстан аумағының бас 3 sagt
Пойыздағы көрпе-төсек д 4 sagt
«Астана Су арнасы» кей 4 sagt
РУСЛАН АХМАҒАНБЕТОВ: « 4 sagt