Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134495800958 %42 %

Менің анам салған жол Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетел



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 18:40 - 2019/11/08


Менің анам салған жол Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Менің анам салған жол

   -  Мама қайда?
   -  Ерте тұрып базарға кетті,-деді тəтесі.
  Мəриям ол кезде бесінші сыныпта оқып жүрген кезі. Қазір мектепті тəмəмдағалы қай заман, мамасы сол кеткеннен мол кетті.  Ол əкесінің ағасын  "тəте" деуші еді. Екі шаңырақ қосылып үлкен отау құраған бұл үйде үнемі бірлік төрде отырады . Анасы расымен  де базарға сауда жасауға күнделікті  ертемен кететінін білсе де, ес білетін Мəриямды сол кездегі тəтесінің сөзі алдай алмады. Оның үстіне таң атпай үйге жиналып қалған кісілер қайта- қайта құшақтап, маңдайынан сүйгенде, ып- ыстық жастары оянғалы жуылмаған бетін шайып жатуы да оған күмән ұялатты. Кісілерден сескенгеннен  босағаның жақтауына сүйеніп, еш нəрсе түсінбеген жанарын жан-жаққа  жүгіртті. Алайда, анасын таба алмады. Оның үстіне əр таң сайын тəтті ұйқсынан өзі оятатын анасынның нұрлы жүзін əлі көрмегені жанын жабырқатты. Ол бəрін түсінгендей болды. Анасының күні-түні базарға шелектерін не балыққа, не жеміске, не көкөніске толтыра   арқалап апарып сатып, ақша табудың қамымен кейде ұйықтамастан  жұмыс жасап, соңғы күндері қатты шаршап жүргенін Мəриям оның қайта-қайта ауыр деммен айтатын "уһ" деген сөзінің көбейіп кеткенінен байқаған болатын. Балапандарымды асыраймын деп тынып таппаған жүрек, мəңгіліккі тынышталып қалғанын, шаршаған ананың енді оянбастай боп ұйықтап қалғанын, бала жүрек сезді, сезді де оның енді базардан келмейтініне иланғысы келмеді. Босағаға сүйеніп біраз тұрып қалған Мəриямның санасы сан-саққа жүгірді. Бір кезде құлағына дүние есігін ашқалы 5 ай болған сіңілісінің іңгəлаған дауысы естілді.  Мəриям бір бөлмені алып отырған кісілердің арасын жарып өтіп, бесіктегі бауырына тұра ұмтылды. Шыр- шыр етіп, анасын іздеген сəбидің омырау іздеп шайқалған басы бесікті амалсыз тербете жөнелген. Мəриям сіңілімен бірге бетін басып, тұншыға жылап, бесіктің қасына екі тізесін жерге сарт еткізіп отыра кетті. Егіліп жылап отырған əпкенің арқасынан сипап жылы құшағын ашып, ардақты ана деген есімі бар жеңгесі, ұяда жалғыз қалған балапандарды қанатының астына алды. 

     -  Жылама жарығым, мамаң жыламасын деді. Қорықпа, қалқам, əкең бар,тəтең бар, мен бармын, міне ,қарашы, сүйкімді сіңілің бар. Ол сен жыласаң жылайды. Сен жылама, жарай ма?! Мен сендерді ешқайда тастамаймын, ешқайда!
     -  Мамам ше, ол неге тастап кетті?
     -  Ол сендерді тастаған жоқ, ол тек періштеге айналып кетті. Ол енді сендердің қастарыңда ұшып жүреді, айтқандарыңды естиді, тілектеріңді орындайды. Сен мамаңды ұмытпа, ертең өскесін ол туралы Əйөкке айтып бересің ғой,деді еміздікті еміп, бесікте жатқан Аяулымның басынан сипап.   "Расымен де солай екен-ау" дегендей Мəриям басын изеп қойды.

    Арада бірнеше күндер, апталар, айлар өтті. Зəуре бұл шаңыраққа келін болып түскеніне 2 жарым жылдай болса да, бес ананың анасы болып үлгерді. Өзінен туған екі қыздан , анадан жетім қалған үш қызды  бөліп жару Зəуреге мүлдем жат əдет. Бірден бес қызға ана болу, əрине, енді-енді бала тəрбиелеп келе жатқан анаға қиынға соқты. Тағдыр ананы одан сайын қинай түскісі келді ме, əлде шыңдай түскісі келді ме, əйтеуір басынан қиындықты арылтпады. Қазалы күндерден кейін ес жия алмай есеңгіреп жүргенінде алдынан тағы да қиналатын күндер күтіп тұр еді. Бұл - ауыл арасын жұқпалы аурулар аралап жүрген кез болатын. Анасы бақилық болғаннан кейін "қыздарды жетімдер үйіне тапсырайық, əйтпесе үш қызды қалай бағасың " деген  нағашылрының сөзіне əкесі үнсіз келісікенде, азғынды сөзге қарсы шығып:
     -  Ол үш қыз мына менің екі қызымнан не кем, не артық емес! Өзім-ақ бағам, қыздарымды! Марқұм аналарының алдында айыпты бола алмаймын. Жастай анасынан айырылып отырғанда, көздерін қиып, қалай ғана отбасы жылулығынан айырып, жетімдер үйінің суығына үсіріп қоймақсысыздар!деген ердің сөзін сөйлеген анаға, ең қатал деген қиындықтың өзі жолында жатқан кіп-кішкентай таспен тең. Оның үстіне құдай қосқан қосағының: "Жетімді жылату  ұлтымызға тəн емес, қолдан келгенше анасын жоқтатпай өсіреміз" деген сөзі құлағанда тіреу, сүйенгенде сүйеу болғандай. Осындай қиындықтан жеңілмейтін қайсар Зəуренің, 7-8айға жетіп қалған Аяулымды "қойаурыуымен күресе алмаймыз" деген дəрігерлер еш көмек көрсете алмағанында, басын тасқа да, жарға да соғып, өліп-тіріліп, бір өзі сəбиді аурудан құлан таза айықтырып алғанын ерлік  дермісің, ананың махаббаты дермісің! Зəуре өзі де əке мен шешеден ерте айырылған болатын. Бір үйдегі бес ағайындының үшіншісі болса да, алдындағы əпкесін қияға, ағасын  ұяға қондырып, бауырларының қамын жасап, əкесінің шаңырағын ағасына , анасының ошағын жеңгесіне мұқият ұстатып кеткен болатын.Қиналған күндерімнің орнына болашақта қуанышты күндер келеді деген үмітпен арайлап атар бақыттың таңын тосып жүрген ана бойжетіп қалған қыздарының қартайғанда өзі үйреткен қамқорлықты өзіне жасайтынына сеніммен қарайды. Тіпті, анадан жетім қалған үш қызының оны " мама" деп атағаны ардақты ана Зəуреге үлкен мəртебе еді...

    "Ана!.. Ана деген есімнің өзі дана емес пе! Анам салған сара жол мен үшін жұмаққа бастайтын жолмен тең. Зəуредей анаммен мен мақтанбағанда кім мақтанады!.."  

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1069635
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Хайуанды қамшымен ғана 6 min
Текелідегі мектепте қай 6 min
Рамазан қарсаңындағы мұ 6 min
Қазақстанның агроөнеркә 6 min
Қостанай облысындағы 30 16 min
Бағдат Манзоровтың ісін 16 min
СҚО полицейлері із-түзс 23 min
Алматы тауында жоғалған 26 min
Қайғы-қасiреттi бастан 26 min
«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ И 26 min
«Хабар 24» арнасының ті 26 min
Тоқаев «CNPC» корпораци 26 min
Елорда әкімдігі мектепт 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Халықаралық додада Ержа 1 sagt
Ақмола облысы мен Оңтүс 1 sagt
БАҚЫТТЫ БОЛУ... Біз сі 1 sagt
Егер сіз тек ақша үшін 1 sagt
Италия Қазақстан эконом 1 sagt
Алматыдан 41 км қашықты 1 sagt
Мадияр Әшкеевке жекпе-ж 1 sagt
Қазақстандық медициналы 1 sagt
ҚР Президенті «CNPC» ба 1 sagt
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТ 1 sagt
«Арманыңнан қалма»: Ерж 1 sagt
«ҚазАгро» холдингінің т 1 sagt
Ақтауда жаңажылдық шырш 1 sagt
Назарбаев әл-Фараби аты 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
14 қарашада Нұр-Сұлтан 1 sagt