Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-212416771848 %52 %
2019-11-221434232351 %49 %

Кино тарихындағы ересектерге арналған ең кассалық фильмдер Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 13:20 - 2019/11/08


Кино тарихындағы ересектерге арналған ең кассалық фильмдер Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Кино тарихындағы ересектерге арналған ең кассалық фильмдер

"Джокер" америкалық драмасы R категориясындағы (17 жастан төмен тұлғалараға көру ұсынылмайтын) фильмдер арасында ең кассалық фильмге айналып, рекорд жаңартты. Соған байланысты өз уақытында кассалық фильмге айналған басқа да атақты фильмдерді еске түсіруді жөн көрдік.

"Джокер" (2019)

"Джокер" фильмі көпшілік күткеннен де сәтті шықты. Басты рөлді сомдаған Хоакин Феникс өз рөлі үшін 24 килограмм салмақ тастап, кейіпкерінің қорқынышты күлкісін қалыптастыруға жарты жыл уақытын жұмсаған. Жалпы фильм бүкіл әлемді үрейде ұстайтын зұлым жайлы емес, әлемнен махаббат пен эмпатия таппай қылмыскерге айналған адамды көрсетеді. Картинаның тұсаукесері Венеция кинофестивалі аясында көрсетілген кезде сыншылар осы Джокер өзгелерден ерек деді. Фильм әлем бойынша прокаттан 900 миллион долларға жуық қаражат жинады. Солайша ол 2019 жылдың ең кассалық фильмдерінің біріне айналып қана қоймай, кино тарихындағы R категориясы фильмдері арасында рекорд орнатты.

"Джокер" 16 номинация бойынша "Оскарға" ұсынылады

"Дэдпул"

"Дэдпул" америкалық фильмі рейтингтің бірден екінші және үшінші орындарында тұр. Marvel Comics бойынша түсірілген фильмнің бірінші бөлімі 2016 жылы шығып, Дэдпул жайлы бірінші жеке фильм болды. Басты рөлді Райан Рейнольдс ойнады. Фильм қаржылық та, сыни да табысқа жетті. Лента түсіріліміне 58 миллион доллар кетсе, кассадан 782 миллион доллар қаражат жинады. Ол бірнеше рекорд орнатты: R рейтингі (17+) бойынша ең кассалық фильм, "Икс-адамдардың" ең кассалық фильмі және 2016 жылдың ең кассалық фильмдерінің бірі.

Екі жылдан соң алдыңғы бөлімінің рекордынан да асып түскен "Дэлпул 2" фильмі шықты. Ол әлем бойынша прокаттан 785 миллион доллардан көп қаражат жинады: 2018 жылдың ең кассалық 9-шы фильм, R рейтингі (17+) бойынша ең кассалық фильм және "Икс-адамдар" тарихындағы ең кассалық фильм. Фильм сыншылардың жағымды пікіріне ие болды: ондағы әзіл, актерлік шеберлік, сюжет және төбелес көріністері жоғары бағаланды.

"Матрица: Қайта жүктеу" (2003)

Фильмде Неоның (Киану Ривз) виртуалды әлемді басқаратын "таңдаулы" адам ретіндегі жолын ары қарай қалай жалғасатынын көрсетеді. Лента прокатқа 2003 жылдың мамыр айында шығып, Канн кинофестивалінде конкурстан тыс көрсетілді. Жалпы фильм сыншылардың оң пікіріне ие болып, әлем бойынша 742,1 миллион доллар жинады. Ол сол уақыттағы R рейтингі бойынша ең кассалық фильм болды.

"Ол" (2017)

Бұл Стивен Кингтің романы негізінде түсірілген қорқынышты фильм. Ол Дерри қалашығындағы 7 баланың оқиғасын көрсетеді. Фильм 700 миллион доллар жинап, R рейтингі бойынша ең кассалық фильмдер қатарынан үшінші орын алды. "Ол" картинасы барлық уақыттағы қорқынышты фильмдер арасындағы ең кассалық лента болды.

"Логан" (2017)

Басты рөлде Хью Джекман ойнайтын америкалық қаһармандық фильм Росомаха (шын есімі – Логан) оқиғасын баяндайды. Кей сыншылар "Логанды" қаһармандар жайлы фильмдер арасындағы ең жақсысы деп санайды. Лента "Ең үздік бейімделген сценарий"  аталымы бойынша "Оскар" марапаты номинанты болды: ол бұл категориядағы алғашқы қаһармандық фильм еді. Фильм әлем бойынша прокаттан 619 миллион доллар жинап, сол уақытта R рейтингі бойынша үшінші ең кассалық фильмге айналды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1069491
Пікірлер

Көрші сілтемелер