Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-212416771848 %52 %
2019-11-221434232351 %49 %

Марина Цветаева: "Қай жеріңіз ауыратынын ешкімге айтпаңыз" Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 09:45 - 2019/11/08


Марина Цветаева: "Қай жеріңіз ауыратынын ешкімге айтпаңыз" Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Марина Цветаева:

Марина Цветаева – орыстың ақын қызы, прозашы, аудармашы, XX ғасырдағы айтулы ақындардың бірі.

► Мені сүйгендерге рақмет айтамын, олар маған өзгені сүюдің кереметін көрсетті. Мені сүймегендерге де рақмет, олар маған өзіңді сүюдің қандай керемет екенін ұқтырды.

► Өмір бойы есте сақтаңыз: біреудің қайғысына күлу – не ақымақтық, не оңбағандық. Адам бірдеңеге ұшырап қалуы – күлкілі емес, үстіне жуынды төгіп алса да күлкілі емес. Адамның бетінен соғу – жауыздық. Мұндай күлкі – күнә.

► Ауыратын жеріңді ешкімге айтпау керек. Әйтпесе тура сол жеріңнен ұрады.

► Достық та махаббат секілді ұлы ұғым. Ал жай таныстардың маған қажеті шамалы.

► Ерте кезден, балалық шағымнан мені барлығы жақсы көрсе екен деп ойладым. Ал қазір маған мұндай махаббаттың керегі жоқ, маған түсіністік керек екен. Мен үшін махаббат деген – осы. Ал сіздер махаббат деп жүрген (құрбандық, сенімділік, қызғаныш) сезімді басқаларға сақтап қойыңыз, маған ондай махаббат керек емес.

► Махаббат үшін ғана кездесу керек, басқаларына кітаптар бар.

► Әлемде жан саны шектеулі, ал сан жетпейтін бос денелер толып жүр.

► Бір жерім ауырады: тісім емес, басым емес, ішім емес, жоқ-жоқ-жоқ... ауырады. Аурытаны жаным екен.

► Өмірде өз орнымды білемін, ол соңғы емес, ешқашан қатарда тұрмаймын да.

► Қоштасу мүлде болған жоқ. Із-түссіз ғайып болу болды.

► "Мен сені бүкіл жаз бойы сүйіп өтемін" деген – "өмір бойы" деген сөзге қарағанда сенімдірек естіледі, әрі әлдеқайда ұзақ.

► Сүю – оны жаратқан қандай етіп жіберсе, сол күйінде қабылдау.
Сүймеу – оны ата-анасы қандай адамға айналдырса, сондай қалпында қабылдау.
Жек көріп кету – оның орнында үстелді, орындықты көру.

► Мен сізді ақыл-есім дұрыс күйде, есте сақтау қабілетім жақсы қалыпта сүйдім, бәрібір ессіз сүйдім.

► Мен бұл өмірде не істеп жүрмін? – Өз жүрегімді тыңдап жүрмін.

► Бейтанысқа ғана ғашық боласың, ал жақыныңды сүйесің.

► Мен жай ғана қарапайым адамдар мені көргенде қуанғанын қалаймын.

► Ақындар не үшін жаралғанын білесіз бе? Адамның жанды жерін ұялмай айту үшін.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1069356
Пікірлер

Көрші сілтемелер