Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-12711272041 %59 %
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-1411232343 %57 %

Даяшылардың оңаша қалғанда ғана айтатын құпиясы Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 10:20 - 2019/10/10


Даяшылардың оңаша қалғанда ғана айтатын құпиясы Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Даяшылардың оңаша қалғанда ғана айтатын құпиясы

Даяшылар түрлі тамақтану орындарының ішкі асханасынан толықтай хабардар. Өзі жұмыс істейтін жердің атынан түрлі өтіріктер айта салуға, имитация жасауға мәжбүр болады. Алайда бұл сырды ішінде сақтамай, оңаша қалсаңыз, сізге де айтып береді.

Олар вегетариандарды алдай салады. «Бұл көкөніс сорпасында піскен бе?» деп сұраса, олай емес екенін ешқашан айтпайды, себебі вегетариандар бәрібір дәмінен ажырата алмайды.

Даяшылар өздері ешқашан лимонға тапсырыс бермейді. Себебі олар лимонның дастарқанға қалай келетінін жақсы біледі. Оны тіпті жумайды, қораптан шығарды, болды, турап ұсына салады. Ал егер біреу туралған лимонды тауыспаса, ол бір сағаттан кейін қай жерде болатынын өзіңіз ойлай беріңіз. Әрине, келесі клиенттің дастарқанында болады.

Омлет тауық ұнтағынан жасалады. Көптеген отельдер таңғы асқа швед үстелін дайындайды. Ол жерден ашық сары түсті, аскөкпен әрленген тәбет ашарлық омлет кездестіруге болады. Алайда ол ешқандай да табиғи емес, оны әрдайым жұмыртқа ұнтағынан дайындайды. Дәмінде айырмашылық болмаған соң, жұмыртқаға артық шығындалудың қажеті қанша?!

Егер тұрақты тұтынушыға айналғыңыз келсе, аптаның басында дүйсенбі, сәрсенбі күндері барыңыз, сонда даяшының есінде жақсы сақталасыз. Ал бейсенбі, демалыс күндері онсызда адам көп болады. Даяшылар тұрақты тұтынушыларды жақсы көреді, олардың тағамдарын да көбірек ұсынып, тезірек қызмет етеді.

Даяшыларды бөліп-жарудың қажеті жоқ. Сізге қызмет көосетіп бастаған даяшы ұзақ уақыт көрінбей қалса, сізге орнына басқа даяшы қызмет ете береді. Әдетте, жақсы мекеме қызметкерлері осылай жұмыс істейді. Есесіне олар жұмыс күні аяқталғанда барлығының шайпұлын қосып, теңдей бөлісіп алады.

Тағамның дәмділігі туралы даяшыдан сұрамаңыз. Олар өзіне жалақы төлейтін адамдарға адал болғандықтан бәрібір сізге шынайы жауап бермейді. Егер тұрақты тұтынушы болсаңыз, олар өздері-ақ тамақтың аса балғын емес екенін тұспалдап жеткізеді. Ал тікелей сұрағыңызға тура жауап бере алмайды.

Тойдыңыз ба, кетіңіз. Даяшылар сізді көргеніне әрдайым қуанады. Алайда түскі ас ішіп болғаннан кейін кешке дейін басқа шаруаларыңызбен айналысып отырып алу ыңғайсыз. Кино біткеннен кейін титрі аяқталған соң да кинотеатрда отыра бермейсіз ғой.

Асханада барлығын таза дайындайтынына көз жеткізу үшін алдымен әжетханасына бас сұғыңыз. Егер мекеме басшысы санитарлық тазалықты ұстанатын адам болса, барлық жерде тазалық болуын талап етеді.

Даяшыны аса асықтыра берудің керегі жоқ. Сәл күтіп қалсаңыз, қарныңыз ашып кеткеннен ашуыңызды даяшыдан аласыз. Алайда ақырын қызмет көрсетуге көп жағдайда даяшының кінәсі жоқ, бар гәп асхана қызметкерлерінің тез әзірлеп бере алмауында. Ал асықтырған үстіне асықтыра түссеңіз, даяшыңыз 20 минутқа жоғалып кетуі мүмкін. Ол сізден осылай «өш алады».

1000 теңгенің тортын мың теңгемен жейсіз. Тек аса жоғары класты мейрамханалар ғана тортты өз асханасында әзірлейді. Ал дайын торт сатушылар тұрғанда басқа мекемелер оны пісіріп әлектеніп қайтеді. Ал сізге жарты күн сол торттың жақсы шығуына тер төккендей, 1000 теңгеге сатып алған торттың бір тілімін 1000 теңгеден сатады.

Сізге лас ас бере салуы да мүмкін. Егер стейк тәрелкеден тайып, еденге түсіп қалса, оны дереу қайта тәрелкеге салғанда ол жерге түскен болып есептелмейді. Себебі жай ғана қоқысқа тастай салатындай ол арзан ақшаға келген жоқ. Сізге осы «түсіп қалған» стейк алдыңызға балғын еттей боп келеді.

Кей салаттар тоңазытқышта үш күн тұруы мүмкін. Мысалы «Цезарь» салатына тапсырыс берсеңіз, салат жапырағы мен тұздығы ғана жаңа дайындалған болуы мүмкін, ал тауық төс еті, сухари секілді басқа ингредиенттері тоңазтқышта үш күн жатып демалады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1058008
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ақтөбеде он жыл бұрын ж 1 sagt
Айтуар Өтегенов | Әдеби 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
СҚО-да азық-түлік бағас 1 sagt
Роза Мұқанова | Әдебие 1 sagt
Грузияда нан фестивалі 1 sagt
Жаңаөзенде бизнеске қол 2 sagt
Қарағандыда дәмхананы « 2 sagt
«Алтын тұлпар» республи 2 sagt
Хамит Ерғалиев | Әдеби 2 sagt
Қазақстандық сәнгерлер 2 sagt
Үйінде темекі тартқан о 2 sagt
СҚО-да егін алқабының 9 2 sagt
Елордада әйелдерге арна 2 sagt
Дүйсенбіге арналған ауа 2 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 2 sagt
Атырауда ІТ саласының м 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Әбішев ісі. Адвокат не 3 sagt
Елизат Аязбек самбодан 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Ата-ананы құрметтеу – А 3 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 4 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 4 sagt
Қазақстандық Италиядағы 4 sagt
Измениться ли вода, есл 5 sagt
Қызылордалық кәсіпкер ү 5 sagt
Бүгін Қазақстанда екінш 5 sagt
АҚШ боксшысы жекпе-жект 5 sagt