Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-1832196032 %68 %

Алматы зообағы: Ақжолтайдың жаңа үйі немесе Урман күніне қанша ет жейді? Біз сізді жарқын әлемге жет



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 17:10 - 2019/10/09


Алматы зообағы: Ақжолтайдың жаңа үйі немесе Урман күніне қанша ет жейді? Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Алматы зообағы: Ақжолтайдың жаңа үйі немесе Урман күніне қанша ет жейді?

Жабайы жануарларды торда ұстап бағу — адам баласының ежелден келе жатқан ермегі. Бұған осы күнге дейін сақталған түрлі деректер дәлел бола алады. Мысалы, 2009 жылы Мысырдағы Нехен қаласында өткен қазба жұмыстарының нәтижесінде б.з.д. 3500 жылға жататын хайуанаттар бағы табылған. Ол жерде гиппопотам, піл, бабуин және жабайы мысық секілді жануарлар асыралған екен. Сондай-ақ Бабыл мен Ассирияда да жануарларды қамап ұстайтын арнайы жерлердің болғаны белгілі.  Ал ежелгі Қытайда мұндай орындарды "Білім бағы" деп атаған. 

Қазіргі таңда әлемде 1300-ден астам зоологиялық бақ бар. Олардың жартысына жуығы Еуропада, 20 пайызы Солтүстік Америкада орналасқан. Заманауи зообақтардың негізгі мақсаты — Жер жүзінде мекен ететін жануарларды көпшілікке көрсету, жаратылыстану білімін насихаттау және жабайы фаунаны қорғау идеяларын таратып, сирек кездесетін, жойылып бара жатқан аңдардың тектік қорын сақтау.

Қазақстанда 3 зообақ (Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларында) жұмыс істейді. Солардың ішіндегі ең ерте ашылғаны Алматыда. Бұл зообақтың тарихы сонау 1935 жылдан бастау алады. Дәл сол жылы Қазақ КСР Халық комиссарлар Кеңесінің шешімімен Алматыда шұғыл түрде хайуанаттар бағын ашу тапсырылған. Бұл жұмыспен Жетісу өңірін бес саусағындай білген Мырзахан Төлебаев айналысқан. Ол жергілікті жануарларды аулап, бақтың қай жерде орналасатынын анықтаған және басқа елдердегі зообақтардан түрлі аңдарды әкелу мәселесімен де айналысқан. Алматы хайуанаттар бағының ресми ашылуы 1937 жылдың 7 қарашасында өткен. Ол уақытта бақта 70-ке жуық жануар болған екен.

Бүгінде Алматы зообағында жануарлардың 310 түрі бар. Оларды көру үшін келетіндердің жас шамасы да әр алуан. Бағасын айтар болсақ, мұнда кірудің құны ересектер үшін – 700 теңге, балаларға – 200 теңге. Ал 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер мен зейнеткерлер бақ ішіне тегін өте алады.

Айта кетерлігі, зообаққа келушілермен қатар, жабылуын талап ететіндердің саны да аз емес. Әсіресе, соңғы жылдары Алматы зообағындағы жануарлардың өлуіне байланысты қоғамда үлкен дау туған. Белсенділер аңдардың өліміне хайуанаттар бағында тиісті жағдайдың жоқтығы мен қызметкерлердің салғырттығы себеп дейді.

Осы мәселеге байланысты сұраққа Алматы хайуанаттар бағының ғылыми қызметкері Юлия Дудкина былай жауап берді: "Зообақтардағы жануарлардың өлімі — қалыпты жағдай. Олар да біз сияқты ауырады, олар да қартаяды. Басқа елдермен салыстырғанда бізде өлім деңгейі төмен. Бірақ біз солай екен деп қол қусырып отырған жоқпыз. Жануарларға жағдай жасау — міндетіміз. Жылдан жылға жаңа қоршаулар салып, олардың ыңғайлы әрі табиғи жағдайға ұқсас болуын қадағалап жатырмыз".

2019 жылдың қыркүйек айына дейін Алматы хайуанаттар бағын басқарып, бүгінде осы мекемемен тығыз байланысын үзбеген кәсіпкер Вячеслав Банщиковтың айтуынша, жағдай жыл өткен сайын өзгеріп келеді. "Зообақта жануарлар да, адамдар да өздерін жайлы сезінулері керек. Сол себепті, қазір екі жақтың бірі мақұрым қалғандай болмас үшін үлкен жұмыс істеліп жатыр. Әсіресе, кәсіпкерлердің көмегі көп тиюде",-дейді ол.

"Сырт көз — сыншы" деген. Қызметкерлердің айтқан сөзінің растығына көз жеткізу үшін зообақты өзіміз аралап шығуды ұйғардық. 

Ең бірінші көзге түскені "Ана мен бала үйі" және "Жедел жәрдем пункті" болды. Бұл дүңгіршектердің ашылғаны күні кеше. Ал айналасындағы халықтың көптігі олардың осы уақытқа дейін қаншалықты қажет болғанын көрсететіндей.

Одан кейін алдымыздан көлемі 1250 шаршы метрлік көл шықты. Көлде аққу, қаз, үйрек сияқты құстар жүзіп жүр. Таң уақыты болғандықтан қаздар жағада қаз-қатар тізіліп, сыланып отыр екен.

Ал бұл — таңғы астарын жеп жатқан Хаби мен Майя. Нақтырақ айтар болсақ, Хаби тамақтануда, Майя оған мейлінше кедергі жасауда. Себебі, оның тамағы әлі дайын емес. Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, мекеме соңғы екі жылда қолдан (қала тұрғындары өздері келіп тапсырған) арыстанның 4 күшігін алған. Оның екеуі ауруға байланысты маусым мен шілде айларында өлген. Тірі қалғандары осы Хаби мен Майя. Әзірге екеуінің де жағдайы жақсы.

Міне, тамақ дайын. Хабидің құлағы аз уақытқа болсын тынышталатын секілді.

Расымен солай болды. Көзді ашып-жұмғанша Майя сүйектің парша-паршасын шығарды.

Жалпы, зообақтағы жыртқыштар етті көп жейді. Мысалы, Урман есімді Амур жолбарысын асырау үшін жазғы уақытта тәулігіне 8 кг ет қажет. Қыста бұл көрсеткіш 12 кг-ға дейін көтеріледі.

Сондай-ақ жыртқыштар дұрыс дамуы үшін аратұра аңға шығып тұрулары ләзім. Сол себепті жолбарыс, арыстан мен қасқырлардың қоршауына кейде тірі қоян жіберіледі. Аң аулайсың, етіңді жейсің, демалып жатасың, біреу келіп атып кетеді деген ой жоқ, Урманның жағдайы жаман емес, ә?

Суда жүзіп жүрген бұл тасбақа да өміріне риза сияқты.

Жатысты қара!

Ал мына сурикат болса, еш жерден қауіп төнбейтінін білсе де биіктеу жерге шығып алып, "Жақын маңда жыртқыштар жоқ па екен?" дегендей, айналаны торып тұр.

Мүйізтұмсық қыс түспей осылай күншуақта жатып алайын деген сияқты.

Жалпы, бір орында ұзақ уақыт қимылсыз жату қолтырауындарға тән әдет.

Балықтардың да жағдайы жақсы. Аквариумдері жөндеуден өткен, іші таза әрі әдемі.

Бірақ барлық жануардың күйі осындай деңгейде деуге келмес. 

Мысалы, алып піл үшін мына аумақта мекендеу тарлық ететіндей көрінді.

Ал еркіндікті сүйетін қасқырлардың 50 шаршы метр жерде ары-бері айналақтап жүргенін көргенде жаның ашиды.

Ағаштан ағашқа секіріп үйренген маймыл атаулының да жағдайы мәз емес. Олар орналасқан бөлімге кіргенде, өзіңді түрменің ішінде жүргендей сезінесің.

Сырты да адам шошырлық жағдайда. Келушілер маймылдарға тамақ бермесін деген оймен болса керек, темір тордың ішіне тағы бір қабат тор іліп қойған.

Алматы хайуанаттар бағының директоры Сейілхан Ақылбеков: "Зообақты жабу мүмкін емес. Мұндағы жануарлар күтімге үйреніп қалған. Олар бостандықта өмір сүре алмайды. Қазір біз біртіндеп қоршауларды жөндеп жатырмыз. Алдағы уақытта барлық аң кең әрі жабайы табиғатқа аздап ұқсас етіп жасалған ортада өмір сүретін болады. Олқылықтың бәрі түзеледі",-деп сендірді.

Ол өз сөзін жаңадан салынып жатқан нысандарды көрсету арқылы дәлелдемек болды. Бұл — 2020 жылы салынып бітетін қоршау. Мұнда келесі жылы тау барыстары әкелінеді. Жоспар бойынша, жақын арада қоршаудың ішіне көлшік пен жартас салынуы тиіс.

Ал, мынау жөндеуден өтіп қойған қоршау.

Ағаштан жасалған, темір тордың орнына әйнек қойылған мұндай қоршаулар жануарларға да, адамдарға да ыңғайлы. "Жақындауға болмайды!" деген жазу жоқ, аңды әйнектің жанына келіп тамашалауға болады.

Бұл жерде тұрып, хайуан өзін қалай ұстайды, қалай тамақтанады, қалай қимылдайды — бәрін қадағалауға мүмкіндік бар. 

Кейде аңның әйнекке қатты жақындайтыны соншалық, кей балалар қуанып, кейбірі қорыққаннан жылап жатады. Бірақ оған мән беріп жатқан жануарды көрмейсің. Олар адам екеуінің арасында бір көрінбейтін кедергінің барына үйреніп кеткен секілді.

Әйнекке әлі үйренбеген 13 жастағы аю — Ақжолтай ғана. Өйткені оның тар тордан жаңа үйіне көшкеніне көп уақыт өткен жоқ.

Ақжолтай әйнектің берік екенін, оңайлықпен шағылмайтынын әлі түсіне қоймаған. Алдыңғы аяқтарымен итеріп көрді, тістемек болды. Нәтиже жоқтығына да қарамай, айналып келіп әлгі әрекеттерін қайталап жатыр.

Айта кетерлігі, аюдың жаңа үйін салуға бизнесмен Ерлан Мұсақожаев көмектескен. Ол бұл игі іске 13 миллион теңге жұмсаған. 

Жақын арада Ақжолтайдың мына тар торда жатқан бауырлары — Гера мен Құрманбек те кең үйге көшеді дейді хайуанаттар бағының қызметкерлері.

Біз олардың айтқанына сендік және зообақтың жабылу, жабылмауы болашақтың еншісіндегі іс деген ой түйдік. Сондай-ақ түсінгеніміз, торда жатқан Құрманбекке қарағанда жаңа үй алған Ақжолтай бақытты болса, Ақжолтайға қарағанда кейде қарны ашып, тамақ іздеуіне тура келсе де, жауын жауғанда тоңып, ұясына тығылып күн кешсе де өзінің табиғи ортасында мекен ететін, ағаштан ағашқа секіріп, бостандықта өмір сүретін мына тиін бақыттырақ екен. Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?

Ілмек сөздер: арыстан, жолбарыс, аю, зообақ, хайуанаттар бағы, сурикат, тиін, тасбақа, Алматы


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1057757
Пікірлер

Көрші сілтемелер