Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-12711272041 %59 %
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-148222243 %57 %

Бөлмедегі құрғақ ауа несімен қауіпті? Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 15:40 - 2019/10/09


Бөлмедегі құрғақ ауа несімен қауіпті? Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Бөлмедегі құрғақ ауа несімен қауіпті?

Радиаторлар мен жылытқыштар үйдегі ауаны қатты құрғатып жібереді және оттекті жағып тауысады. Ал бөлмедегі өте құрғақ ауа иммунитетті әлсіретеді, себебі оттек жетіспеушілігінен барлық жасуша қиналып, "шөлдей" бастайды.

Егер гипоксияның (оттек азаюы) алғашқы белгілерін байқасаңыз, бірден шара қолдану керек. Себебі иммунитетіңіз әлсірегендіктен тұмау инфекцияларын жұқтырып аласыз. Гипоксияның белгілеріне жиі бас ауыру, әлсіздік, шаршай беру және ұйқының бұзылуы жатады.

Шырышты қабықта иммунды қорғаушы жасушалар көп. Олар ағзаға қауіпті жұқпалардың кіріп кетуіне қарсы тұрады. Ал шырышты қабық құрғап кетсе, бактериялар мен вирустар мұрын қуысында өлмей, ағзаға оңай өтіп кетеді.

Сондай-ақ құрғақ ауада шаң, жүн және басқа да аллергендер көп жиналады. Сондықтан аллергиялық жөтел басталады. Құрғақ ауа кесірінен көздің шырышты қабығы да қиналады, сондықтан конъюнктивит сияқты көз аурулары орын алады. Оттек жетіспегендіктен басыңыз ауыра береді, жұмысқа қабілеттілігіңіз түсіп кетеді, ұйқыңыз мазасыз болып, ағза жеткілікті түрде демала алмайды.

Үй ішіндегі құрғақ ауамен күресудің жолдары

- Үйге таза ауаның кіруін қадағалап, үйдің ішін күніне 6 ретке дейін желдетіңіз. Әсіресе, ұйықтар алдында терезелерді ұзақтау ашып, дұрыстап желдетіңіз. Сол кезде ұйқыңыз қалпына келеді.

- Бөлмені жинаңыз. Артық заттың бәрін шкафтарға салып тастаңыз. Себебі шашылып жатқан киімдер мен басқа да заттар – нағыз шаңсорғыштар.

- Бөлмені тазартыңыз. Жиі ылғал шүберекпен шаңдарды сүртіп, күнде еденді жуып тұрыңыз.

- Бөлме гүлін алыңыз. Себебі бөлме гүлдері оттек жетіспеушілігінен құтқарады. Бірақ гүлдер де оттек аздығынан қиналады. Сондықтан гүлдерді уақытылы суарыңыз.

- Бөлмеге су шашыңыз. Бір уақыт бөліп, бөлмедегі ауаға, гүлдерге және ауыр жапқыштарға су шашып шығыңыз. Ауаның балғын бола түскені бірден сезіледі.

- Бөлменің ауасы қатты құрғақ болса, сүлгі немесе жайманы сулап, батареяға іліп қоюға болады. Оны уақытылы сулап тұру керек.

- Адам ағзасы ылғал жетіспеуі туралы белгіні кеш береді. Қатты шөлдегеніңізді күтпей, аз-аздан қайта-қайта таза су іше беріңіз.

- Үлкен аквариум бөлмедегі ылғалдылықты 15%-ға арттырады. Аквариумнің орнына бөлмеге қоятын шағын декоративті фонтан алуға болады.

- Бөмеге суы бар ыдыс қоюға болады.

Адам өзін 55-70% ылғалдылықта жайлы сезінеді. Бөлмедегі ауа ылғалдылығын гигрометрмен өлшеуге немесе қарағай бүршігін қоюға болады. Егер ауа құрғақ болса, оның қабыршақтары ашылады. Егер ауа ылғал болса, қабыршақтар жабылады.

Ауа ылғалдандырғыш

Үйдегі ауаның ылғалдылығын қалыпты жағдайда ұстап тұруға ауа ылғалдандырғыштар көмектеседі. Оның механикалық, булы және ультрадыбыстық түрлері болады.

Механикалық ауа ылғалдандырғыш ауаны картридж арқылы айдайды. Ол ауаны шаңнан тазартады және ылғалдандырады. Оның кемшілігі – ол шулы құрылғы.

Булы ауа ылғалдандырғыш шәйнек сияқты жұмыс істейді. Оның ішіндегі су қайнап, бу арқылы шығады. Ауа жылдам ылғалданады. Оның кемшілігі – оған күйіп қалу қаупі бар. Егер үйде кішкентай балалар болса, оның басқа түрін алған жөн.

Ультрадыбыстық ауа ылғалдандырғыштар су суық буға айналатын арнайы мембранамен жабдықталған.  Оның артықшылықтары – салыстырмалы түрде бағасы арзан, ылғалдылық деңгейін таңдауға болады және қатты шуламайды. Ал кемшілігі – мұндай ылғалдандырғыш себебінен жиһазда ақшыл қатпар (налет) түзілуі мүмкін. Оған тазартылған (дистилденген) су қолдану керек.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1057688
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


СҚО-да азық-түлік бағас 8 min
Роза Мұқанова | Әдебие 29 min
Грузияда нан фестивалі 29 min
Жаңаөзенде бизнеске қол 1 sagt
Қарағандыда дәмхананы « 1 sagt
«Алтын тұлпар» республи 1 sagt
Хамит Ерғалиев | Әдеби 1 sagt
Қазақстандық сәнгерлер 1 sagt
Үйінде темекі тартқан о 1 sagt
СҚО-да егін алқабының 9 1 sagt
Елордада әйелдерге арна 1 sagt
Дүйсенбіге арналған ауа 1 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 1 sagt
Атырауда ІТ саласының м 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Әбішев ісі. Адвокат не 2 sagt
Елизат Аязбек самбодан 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Ата-ананы құрметтеу – А 2 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 3 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 3 sagt
Қазақстандық Италиядағы 3 sagt
Измениться ли вода, есл 4 sagt
Қызылордалық кәсіпкер ү 4 sagt
Бүгін Қазақстанда екінш 4 sagt
АҚШ боксшысы жекпе-жект 4 sagt
Семейлік өз әйелінің ат 4 sagt
Алматыдан 470 шақырым қ 4 sagt
Қазақстан құрамасы Нұр 5 sagt