Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2211539944 %56 %

Балаларға арналған иттер туралы мультфильмдер Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз с



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 16:00 - 2019/09/11


Балаларға арналған иттер туралы мультфильмдер Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Балаларға арналған иттер туралы мультфильмдер

Иттер туралы мультфильмдер несімен тартымды? Біріншіден, иттер жайлы мультфильмдер эмоционалды болып келеді: қуаныш та, реніш те анық көрсетіледі. Екіншіден, иттер туралы мультфильмдерде адалдық бірінші орынға қойылады. Үшіншіден, тентек күшіктер міндетті түрде күлкілі жағдайларға тап болады. Ендеше, балаларыңызбен бірге көруге болатын иттер туралы мейірімді әрі қызықты мультфильмдерді ұсынамыз.

1. "Вольт"
Бұл мультфильм көрерменге жол тартқаннан кейін Вольт атты күшіктер көбейіп кетті: сүйікті күшігі Вольт сияқты әдемі әрі батыл болғанын кім қаламайды? Мультфильм сюжеті бойынша Вольт – телесериал жұлдызы және қаһарман. Ол зұлымдарды оңай жеңеді, тіпті, ұша алады, бірақ бұл ісіне оның табиғи дарыны емес, арнайы эффектілер көмектеседі. Түсірілім алаңының сыртында Вольт – қарапайым ит, бірақ өзі ол туралы білмейді. Ол алғаш рет нағыз үлкен қалаға тап болғанда, бұл ащы шындық ашылады. Енді, жаңа жағдайда ол тек өз күшіне сену керек болады.

2. "Леди мен қаңғыбас"
Бұл мультфильмде қызықты оқиға, махаббат, комедия және драма арасындағы өзара байланыс жақсы көрсетілген. "Леди және қаңғыбас" мультфильмі Уорд Гриннің туындысына негізделе түсірілген. Мұнда әртүрлі қоғам арасындағы қатынас көрсетілген. Оның "Леди және қаңғыбас 2: Шалунь оқиғасы" деп аталатын жалғасы да бар. Дисней студиясы классикаға айналған ескі атақты мультфильмдердің ремейкін түсіріп жатыр. Осы "Леди мен қаңғыбас" мультфильмінің киноадаптация түрін ұсынғалы жатқанын ескерте кетейік.

3. "101 далматин"
"101 далматин" – жасалуына Уолт Дисней жеке қатысқан атақты мультфильм. Үстерінде дақтары бар күшіктер туралы қызықты оқиға ешкімді немқұрайлы қалдырмайды. Детективті сюжетке өткір әзілдер мен әдемі әуендер қосылған. Қазір Дисней каналынан "Далматин көшесі, 101" жаңа мультсериалы да көрсетіледі.

4. "Түлкі мен ит"
Сценаристтердің ойы бойынша, "Түлкі мен ит" мультфильмі Дэниел Мэнникстің аттас романының сюжетін қайталау керек болатын. Бірақ жұмыс процесі кезінде авторлар кітаптағы жағдайларды өте драмалы деп санайды. Нәтижесінде, алғашқы оқиғадан тек кейіпкерлердің есімдері қалады. Картина сюжеті бойынша, фермерлік отбасы күшікке ұқсайтын Тод есімді түлкі алады. Бұл түлкі сол үйдің Копер есімді күшігімен достасып кетеді. Олар ешбір кедергіге қарамастан достықтарын сақтай ала ма?

5. "Оззи"
Оззи – Мартиндер отбасысының сүйікті иті. Оған төсекке ұйықтауға, үйдің ішінде жүгіруге және тәттілер жеуге рұқсат беріледі. Сондықтан оның иелері Жапонияға саяхаттауға барарда Оззиді иттерге арналған мейманханаға қалдыруды шешеді. Бірақ таңдаулы мейманхана иттер түрмесі болып шығады. Сол кезде Оззи достарымен бірге жоспар құрып, қашуды ойлайды.

6. "Рок Дог"
Боудидің керемет музыкалық талғамы мен ырғақ сезімі бар. Сондықтан ол күзетші ит болуды емес, музыкалық атақты армандайды. Боуди гитарада ойнап, рок аңызына айналған Энгус мысығынан сабақ алғысы келеді. Бірақ атақты музыканттың өз жоспарлары бар. Боуди кедергілерді жеңіп, арманына қол жеткізе алады ма?


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1046647
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ковалев пен Альварес ал 4 min
"Астана" "Манчестер Юна 14 min
Рамазан қарсаңында меші 14 min
Интернет жұлдызы тікеле 24 min
Қытайдың ең бай адамы Т 1 sagt
РАМАЗАН – МҮМКІНДІК АЙЫ 1 sagt
Түркістанда Open Space 1 sagt
Жеңіс Қасымбек Қарағанд 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
UFC чемпионы ұйым басшы 1 sagt
Елордада Тіл туралы заң 1 sagt
Рысқалиевтер ісі: Мемле 2 sagt
Әблязов қорқып отыр - Б 2 sagt
Ақтөбеде жолақысын карт 2 sagt
Ұстаздарды артық жұмыст 2 sagt
Парижде үкіметке қарсы 2 sagt
Атырау облысы Қазақстан 2 sagt
Тағы бір қазақстандық с 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Оралда жүкті әйел көпір 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қазақстанда Цифрлық ком 3 sagt
Тоқаев "Оралман" сөзіне 3 sagt
Бекзат Нұрдәулетов – әл 3 sagt
Қостанайлық қайырымды ж 3 sagt
Қазнетке 25 жыл толды - 3 sagt
Министр Риддердегі спор 3 sagt
Димаш Құдайберген қытай 3 sagt
"Барлығын түсіріп, өзі 3 sagt
Балалар музыкамен айнал 3 sagt