Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-2118259643 %57 %

Алматыдағы Абай: ақын аты берілген мәдени орындар Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Б



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 10:10 - 2019/09/11


Алматыдағы Абай: ақын аты берілген мәдени орындар Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Алматыдағы Абай: ақын аты берілген мәдени орындар

Қазақтың бас ақыны, біртуар ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 2020 жылы 175 жыл толады. Осыған орай, Massaget.kz тілшісі Алматы қаласындағы Абай аты берілген орындарды аралап шықты. Мәдени астанада бас ақынның атымен аталатын қандай мәдени орындар бар? Суреттерге назар салайық.

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

Қазақстанда тұңғыш ашылған кәсіби музыкалық театр. Ғимараттың құрылысы 1939 жылы  басталып, 1941 жылы пайдалануға берілді. 1945 жылы ұлы ағартушы Абай Құнанбаевтың 100 жылдығына орай театрға ақын есімі берілді. Сәулетшілері – Н.Круглов, Н.Простаков, Т.Басенов. Театрға 2000 жылы қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Бұл оқу орнын "білімнің қарашаңырағы" деп текке атамайды. Қазақстандағы ең алғаш ашылған университет – осы. Мекеме 1928 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Алғаш ашылғанда "Қазақ мемлекеттік университеті", 1930-1935 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институты деп аталды.

1935 жылы жоғарғы оқу орнына Абай Құнанбаевтың есімі берілді. Университет алғаш ашылғанда тек 1 ғана факультет бар еді. Қазіргі уақыттағы факультет саны – 10.

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат

Ұлы ойшылдың атына берілген бұл мектептің тарихы 1957 жылдан бастау алады. Республика көлеміндегі малшы қауым балаларына арналған мектеп-интернат болып құрылған білім мекемеге 2006 жылы Абай Құнанбаевтың есімі берілген.

Мектептің алдына Абай Құнанбаевтың бюсті орнатылған.

Абай ескерткіші

Қоладан құйылған ескерткіш Абай және Достық көшелерінің қиылысында орналасқан. 1960 жылы тұрғызылған Абай ескерткішінің биіктігі – 13,7 м. Мүсін қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған. Мүсінді жасаған – Хакімжан Наурызбай, сәулетші – Иван Белоцерковский.  

Ескерткіште басында тақия, иығына өңірі ашық желбегей шапан жамылған Абай сол қолына кітабын қысып ұстаған күйі терең ой үстінде ілгері басып келеді.

Абай даңғылы

Алматы қаласындағы негізгі магистральдің бірі – Абай даңғылы. Достық пен Момышұлы көшелерін перпендикуляр байланыстырып жатқан даңғылдың ұзындығы – 9400 м. Абай даңғылы арқылы көліктер екі бағытта қатынайды. Екі бағыттың ортасын ағаш, гүл, кішігірім алаңқайлар бөліп тұр. Көше бұрын Арычная, Мичурин деп аталған.


Көшенің бойына бас ақынның қара сөздері жазылған алып тастар қойылған.

Абай Әуезов көшесінің қиылысындағы ғимаратқа 1993 жылы жасалған Абайдың суреті бейнеленген жиырма теңгелік банкнота салыныпты.

Абай метро станциясы

Алматы метрополитенінің 1-жолағындағы бекет "Алмалы" және "Байқоңыр" бекеттерінің аралығында, Абай мен Назарбаев көшесінің қиылысында орналасқан. Абай станциясы – Алматы метрополитеніндегі ең терең бекет. Тереңдігі – 78 метр. 2011 жылдың 1 желтоқсанында қолданысқа берілді. Алғашында бекетке "Жетісу" деген атау ұсынылған, алайда, станцияға ұлы ойшылдың құрметіне "Абай" атауы берілді.

Жүргіншілер залындағы қабырғаға Абай Құнанбаевтың қоладан жасалған бейнесі салынған. Одан бөлек, ақынның шығармашылығынан сыр шертетін қанатты сөздері де қабырғаға жазылған.

Абай шыңы

Абай шыңы Іле Алатауының Кіші Алматы сілемінде орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 4010 метр биіктікте орналасқан. Бұл шыңға алғаш рет, 1932 жылдың шілдесінде Г.И.Белоглазов бастаған алматылық альпинистер көтерілді. Дәл осы жылы бұл жерге Абай есімі берілді.

Ілмек сөздер: Алматы, Абай, Дарын, ҚазҰПУ, ҚазПИ, АГУ, Абай даңғылы, Хакімжан Наурызбаев, мәдени орындар, Абайдың қара сөздері, Абай театры,


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1046461
Пікірлер

Көрші сілтемелер