Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2212542144 %56 %

“АЙНА” жобасына – 1 жыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге же



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 09:15 - 2019/09/11


“АЙНА” жобасына – 1 жыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


“АЙНА” жобасына – 1 жыл!

Қадірлі оқырман, бүгін “АЙНА” жобасының алғашқы маусымының шыққанына 1 жыл толып отыр. Қазір екінші маусымы жүріп жатқан бағдарламаны асыға күтетін өз көрермендерін осы айтулы күнмен құттықтаймыз!

Қазіргідей сары басылымдар билік құрып тұрған уақытта көрермен ненің ақиқат, ненің жалған екенін ұғынудан қалды. Тәрбиеленіп жатқан өскелең ұрпақта ақпараттық талғам қалмай бара жатқандай. Осынау олқылықтың орнын толтыру мақсатында жастардың сүйікті порталы Massaget.kz былтыр дәл 29 наурыз күні “АЙНА” жобасын қолға алған болатын. 

Бағдарламаның тұсауы кесілген күні оның алғашқы маусымында сұхбат берген 19 тұлғаның ерекше ой маржандарын тізбектеп ұсынуды жөн көрдік.

- Табиғаттың ең әдемі құбылысы -

Сатыбалды Нарымбетов: “Көктем. Кемпірқосақ. Бәйшешек. Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді. Себебі, ол қар астынан шығады”.

- Әйел адамға тән ең жақсы қасиет -

Қуандық Рахым: “Ұстаздық. Өйткені, болашақ ұрпақ тәрбиелеуде ол кісінің  рөлі басым. Ер адам түзде жүреді”.

- Ер жігітке тән ең  асыл қасиет -

Серік Жанболат: Табандылық. Қазақта “Сұғанақ болма, сыбағаң болса, тұрып ал” деген сөз бар. Табандылық жетістіктерге жеткізеді.

- Сіз үшін ең ұлы музыкант -

Жігер Ауыпбаев: Кішкене нәресте. Ол сияқты ешкім ән сала алмайды.

- Тауға жиі қарайсыз ба? -

Есмұқан Обаев: Таңертең балконға шығып тауға қараймын. Ол – Алатау. Алатаудың екі сілемі. Талғардан бері қарай, Қаскеленге дейінгі. Соған қарасам, жастық шағым есіме түседі. Соған қарасам, әке-шешем есіме түседі. Соған қарасам, қартайған шақтағы кейбір өкініштер есіме түседі. Таудың алдында есеп беріп тұрған жөн сияқты. Өйткені, тау биік қой! Тау еш нәрсені жасырмайды ғой! Тау адамды сілкінтеді ғой! Тау адамды көтереді ғой! Тау адамды мазалайды ғой! Сондықтан, тау көрген сайын мен рахат сезімге бөленем.

- Егер сіздің жеке туыңыз болса, онда не бейнеленер еді? -

Асқар Жұмаділдаев: Мүмкін, есектің басы шығар. Өйткені, адамзатқа ең көп пайда әкелген жануар осы есек. Отынды да тасиды. Суды да тасиды. Қара жұмыстың бәрін жасайды. Бірақ, жұрттың бәрінен ылғи сөгіс естиді де жүреді. Міне, математика ғылымы да осындай. Жұртқа ең көп пайда әкелген ғылым осы математика. Бірақ, жұрттың ең көп қорқатынын да осы математика. Математика десе, жұрттың бәрінің зәресі ұшады. Сондықтан, мен математиканы кейде есекке теңеймін. “Есектің еті арам болғанымен, еңбегі адал ”деген қазақ.

- Атақ бақ па, сор ма? -

Күнсұлу Шаяхметова: Атақ түк те емес. Ол сор да емес. Ол бақ та емес. Ол әншейін ештеңе де емес. Рас айтам.

- Әйел деген кім? -

Бексұлтан Нұржекеұлы: Әйел деген – өмірге адам әкелетұғын үлкен қасиетті тұлға. Қазақты "мың өліп, мың тірілген" дейді. Қай батыр да – бір оқтық. Ал, сол өлген батырды, ақынды, биді, ханды қайта өмірге әкелген осы қазақтың әйелдері. Қазақтың әйелі болмаған болса, бір өлгеннен кейін қазақ қайтып тірілмеген болар еді.

- Футбол өнер ме? -

Есей Жеңісұлы: Футбол – адамзат ойлап тапқан өнерлердің ең кемелі.

Ол менің футболды жақсы көретіндігімнен емес. Жалпы көзім жеткен нәрсе. Өйткені мұнда бәсеке де бар, тағдарлар да бар, ақша да бар, жанкүйер махаббаты да бар.

- Дүниеде не сарқылмайды? -

Айдос Сарым: “Дүние мен адамның ақымақтығы шексіз дейді. Бірақ дүниенің шексіздігіне күмәнім бар,” - деп қалжыңдаған екен бір ғұлама. Адамзатты қиянатқа қиғың келмейді. Өз басым адамның ойы мен арманы сарқылмайды дегенге сенемін.

- Сырыңызды кімге айтасыз? -

Айгүл Иманбаева: Анама айтам. Анама айта алмағанымды тауға айтам.

- Әкеңізді қалай еске аласыз? -

Рүстем Әбдіраш: Әкем өмірден өткеннен кейін, қырқына дайындалып жүріп ұйықтап кетіппін. Әкем асүйде қазы-қартасын жеп отыр екен. Мен “Әке, мұның қалай? Сен өлмеп пе едің? Кеңсайға өзім шығарып салғам” – дегенімде. “Жоқ, балам, мен өлген жоқпын. Кеңсайға менің сауытымды апардыңдар”- деген әкем түсімде.

- Тау ма? Қыр ма? -

Жазира Байырбекова: Көпшілік “тау” дер. Тау мен үшін қорқынышты. “Қыр” деймін мен.

- "Өмір – әділетсіз, адамның ақысын жейді деген" рас па? -

Қабдеш Жұмаділов: Оны өмірден көрмеу керек. Ол қоғамға байланысты. Сен өмір сүріп жатқан қоғамда ұлтын азат па? Соған байланысты. Мен екі империяның дәмін таттым: Қытай Империясы мен Совет Одағы. Сонда түйгенім, ұлт азат болмай, ұлт бақытты болмай, жеке адам бақытты болмайды. Жеке адам азат бола алмайды.

- Бақытты болу -

Ақберен Елгезек: Мынадай бір қызық дүние бар. Тәңір саған бергісі келген дүниені уақытынан бұрын біліп сезіп қою. Бірақ, бәрібір Тәңір – шебер, оны басқаша істейді. Тіпті, бонустар қосып береді.

Мен бұрын үнемі бақытты болу мүмкін емес деп ойлайтынмын. Болады екен. Миды соған бағыттау керек. Жүрек көп жағдайда бақытсыз болады. Біз соны тыңдаймыз ғой. “Мен Тәңірдің қарауындамын. Мен осындай бір ғаламат жаратылыстың ішінде жүрмін. Маған да көңіл бөліп, мені осылай жаратты,”-деп ойлау керек.

- Сырыңызды кімге айтасыз? -

Смағұл Елубай: Мына өмірде сырласу керек. Өзің қалай келе жатырсың? Дұрыс бастың ба, шалыс бастың ба? Соны білу үшін.  Темірқазықтан ажырап кетпес үшін адамға сырлас керек.

- Сізде не жоқ? -

Ерлан Төлеутай: Уақыт. Уақыттың мұншама қымбаттайтынын білмеппім. Абайдың Жастықта уайым жоқ, көкірек зор деген сөзі бар. Боз бала жасқа дейін уақытың өтпейтіндей, әлі бар өмір алда болатындай көрінеді. Ал, кейін уақыттың өте аз қалғанын сезінесің.

- Болмыс тілге икемделе ме? -

Майя Веронская: Иә. Бір тіл білген бір адам. Екі тіл білген екі адам. Сырттай көп адамдар менің орысша сөйлегенім мен қазақша сөйлегенімде өзгешелік білінетінін айтады. Қазақ тілінде сөйлеу мәнеріңде жылылық пайда болады деп жатады.

- Сіз ең бірінші орынға қоятын қасиет -

Анна Құдиярова: Мүмкін, мақсатты көздеу шығар. Жанна д’Арктың “Мен болмасам, онда кім?” деген сөзі бар. Әр қазақ солай ойлап, осы қоғамның кетігіне қаланса деймін.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1046439
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Вашингтонда атыс болып, 4 min
Нұр-Сұлтанда адасып кет 14 min
Павлодарда полицей асыл 24 min
Семейде Әмина Өмірзақов 25 min
Ақтөбе облысында жетінш 1 sagt
Ковалев пен Альварес ал 1 sagt
"Астана" "Манчестер Юна 1 sagt
Рамазан қарсаңында меші 1 sagt
Интернет жұлдызы тікеле 1 sagt
Қытайдың ең бай адамы Т 1 sagt
РАМАЗАН – МҮМКІНДІК АЙЫ 1 sagt
Түркістанда Open Space 2 sagt
Жеңіс Қасымбек Қарағанд 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
UFC чемпионы ұйым басшы 2 sagt
Елордада Тіл туралы заң 2 sagt
Рысқалиевтер ісі: Мемле 2 sagt
Әблязов қорқып отыр - Б 2 sagt
Ақтөбеде жолақысын карт 3 sagt
Ұстаздарды артық жұмыст 3 sagt
Парижде үкіметке қарсы 3 sagt
Атырау облысы Қазақстан 3 sagt
Тағы бір қазақстандық с 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Оралда жүкті әйел көпір 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қазақстанда Цифрлық ком 3 sagt
Тоқаев "Оралман" сөзіне 4 sagt
Бекзат Нұрдәулетов – әл 4 sagt
Қостанайлық қайырымды ж 4 sagt