Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-16470140937 %63 %

АҚШ: қолдан жасалған апокалипсис немесе радио қойылым салдары Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 10:45 - 2019/08/14


АҚШ: қолдан жасалған апокалипсис немесе радио қойылым салдары Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


АҚШ: қолдан жасалған апокалипсис немесе радио қойылым салдары

81 жыл бұрын актер әрі режиссер Орсон Уэллс Герберт Уэллстің "Әлем шайқасы" атты романының желісі бойынша радио қойылым қойған болатын.

"Жақын күндері ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер болмайды",- деп аяқталған ауа-райы болжамынан соң эфирге Рамон Ракелло оркестрінің орындауындағы "La Cumparsita" симфониясы беріледі. Бұл 1938 жылдың 30 қазаны болатын. CBS радиосының кешкі эфирі әдеттегі сценарий бойынша жүріп жатқан еді. Кенет диктор: — "Ханымдар мен мырзалар, ырғақты әуендерге толы бағдарламамызды арнайы хабарлама үшін үземіз… Чикаголық зерттеу орталығы Марстың беткі қабатында орын алған ірі жарылыстарды байқады. Қазір ғалымдар жерге жақындап келе жатқан отты шарды бақылау үстінде".  

Уайымдайтын ештеңе жоқ секілді. Эфирге Принстоннан келген Пирсон профессоры шығып бұл құбылысты түсіндіре алмайтынын, бірақ тұрғындарға қатер төніп тұрмағанын айтады. Эфир қайтадан ырғақты әнмен жалғасады.

Кенет… Қайтадан хабарлама келеді: Нью-Джерсидегі бір қожалыққа белгісіз бір заттың түскенін, ол жер сілкінісі мен үлкен өрттің туындауына себеп болғанын айтады. Жерге метеопит құлаған шығар деген болжам да болады. CBS тілшісі Филипс ойланбастан оқиға орнына аттанады. 

Сол уақытта радио тыңдап отырғандар бар жұмысын тастап, назарларын тек жаңалықтарға аударады. Желі аудиториясы минут сайын арта түседі. Оқиға орны жеткен Филипс осы уақытқа дейін метеоритті көрмесе де, жерге түскен зат әдеттегі метеориттерден ерекше екендігін жеткізеді.
Үлкен металл цилиндрінің дөңгелегі бар. Бұны бөгдеғаламшарлықтардың кемесі деп атайды. Кеме ашыла салысымен ішінен белгісіз біреулер шығады. Қолындағы таяқ секілді құрылғыдан жарық шыққан сәтте айналасындағы адамдар жоғала бастайды. Мұның бәрін баяндап тұрған Филипс болатын. Ол сөзін "Мүмкін емес, біз бәріміз өлеміз!" деп аяқтайды. 

Кейін белгілі болғандай, эфирді алты миллионға жуық адам тыңдаған. Марстан келгендер біртіңдеп Сент-Луис, Чикаго мен Нью-Йоркті басып алады. Ұлттық әскерді құртып, ауаны токсинді газбен улайды деген хабар да жетеді. 

Халықтан тыныштық сақтауын сұрап эфирге мемлекеттік хатшы шыққан кезде тұрғындардың қорқынышы шектен шыққан еді. Полиция бөлімшесіне газға қарсы құрылғы мен қару жарақ беруді талап етіп, шабуылдағандар саны артты. Үйлерін тастап, тіпті, ұйықтар алдында киетін киіммен көлікке міне салып басы ауған жаққа қашқандар көбейді. Жолдағы кептеліс бірнеше километрге жетті. Күнделікті өмір бір-ақ сәтте өзгеріп шыға келді. 

CBS дикторы 40-шы минутта эфирде Герберт Уэллс романының желісі бойынша радио қойылымның жүріп жатқанын айтты. Бірақ, оған мән берген ешкім болмады.

Ал эфир аяғында қайта оралған Пирсон тұрғындарды "Хэллоуин" мерекесімен құттықтады. Оның рөлін Орсон Уэллс сомдады. Сол уақытта оның жасы небәрі 23-те болатын. Ол Mercury Theatre атты театрдың қоюшы режиссері қызметін атқарған. Мына болып жатқан барлық оқиғаның басты себепкері тұғын. 

Картинки по запросу The War of the Worlds (1938 radio drama)

Тыңдармандар мұның Хэллоуин мерекесі қарсаңындағы қойылым ғана екенін ұққанша "шағын апокалипсис" елдің астан кестеңін шығарып үлгерген болатын. Шу бұдан кейін де басыла қоймады: газетте мақалалар, өсектер мен сол уақытта өз-өзіне қол салғандар үшін жауапкершілікті CBS мен Орсон Уэллстің мойнына жүктеу идеясы қозғалды.  Бірақ, бәрі нәтижесіз аяқталды. 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1034155
Пікірлер

Көрші сілтемелер