Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22422159453 %47 %

Марафон ережесін мәңгіге өзгерткен алаяқ Рози Руис Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 13:30 - 2019/08/13


Марафон ережесін мәңгіге өзгерткен алаяқ Рози Руис Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Марафон ережесін мәңгіге өзгерткен алаяқ Рози Руис

Өткен айдың сегізінші жұлдізінда 66 жасына қараған шағында спорт тарихында ең әйгілі алаяқ атанған Рози Руис қайтыс болды. Розидің есімі марофон тарихына мәңгілікке енді. Бірақ өзі мұндай атақты армандамаған болса керек.

1980 жылы Руиз атақты Бостон марафонында қатысушылардан қара үзіп, мәре сызығын бірінші боп кесті. Кейіннен 42 шақырымның орнына ол бар болғаны бір-ақ миль (1,6 км) жүгіргені белгілі болды.

Бостон марафоны әлемдегі ең әйгілі, 1897 жылдан бері өткізіліп келе жатқан марафондардың бірі. Жыл сайын сәуір айының үшінші дүйсенбісінде өтеді. Негізгі арақашықтық – 42 шақырым 195 метр. Бірақ қатысушыларға арналған жартылай қашықтық пен балалар үшін қысқа қашықтық бар.

people.com

1980 жылы Бостон марафоны 84-ші рет өтті. Ер адамдар арасында ешқандай да тосынсый болмай – үшінші жыл қатарынан америкалық Билл Роджерс жеңіске жетті. Бірақ әйелдер арасынан сенсациялық түрде сауда компаниясында кеңсе қызметкері боп жұмыс істейтін, 27 жастағы тегі кубалық АҚШ азаматшасы Рози Руис бірінші келді.

Руис керемет нәтиже көрсетті – 2.31.56. Бұл сол кездегі әйелдер арасындағы марафон тарихындағы үшінші үздік нәтиже еді. Ал қазіргі рекорд эфиопиялық Бизесес Дебаға тиесілі, ол 2014 жылы 42 шақырымды 2.19.59 секундта бағындырған. Бұл Руис мансабындағы екінші марафон еді. Осыдан алты ай бұрын Нью-Йорктегі марафонда ол 42 шақырымды 3 сағаттан аса уақытта жүгіріп өткен.

Журналистерді таңқалдырған Рози "Мен арнайы жаттықтым" деп мақтанды. Руисті салтанатты түрде медальмен марапаттап, басынан лавр гүлтәжін кигізді. Оның суреті АҚШ-тағы беделді басылымдардың бірінші бетіне шықты.

Бірақ Розидің жеңісіне жанкүйерлер мен ұйымдастырушылар күдікпен қарады. Ешкім оның мәре сызығына қайдан топ ете қалғанын түсінген жоқ. Себебі жарыс жолында марафонға қатысушылар да волонтерлер де оны көрмеген. Ал Розидің өзі жеңісінен соң сұқбат беріп жатқанда үстіндегі киімінің, беті-қолының терелемей құрғақ болуы көпшіліктің таңданысын тудырған.

"Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам" дегендей шындықтың беті ашылды

Көп өтпей фотограф Сюзан Морроу ұйымдастырушыларға Розиді мәре сызығына жақын маңдағы метро станциясынан көргенін хабарлаған. Тіпті Розидің өзі фотографқа жарыс басталғасын 10 шақырым өтпей жіліншік жарақатына байланысты, марафоннан шығып қалғанын айтқан.

Осыдан соң ұйымдастырушылар марафонға қатысты 10 мың суретті қарап, оның ішінен Розиді таппаған. Бақылаушы волонтерлер де, ешкім оны жарыс жолынан көрмеген. Тек, бір ғана ерікті бақылаушы Розиді мәре сызығына 1,5 шақырымдай қалған жерде, саябақ маңынан көргенін айтқан.

Осындай деректер мен дәлелдерден соң ұйымдастырушылар Розидің жеңісін жоққа шығарды да, екінші боп келген канадалық Жаклин Гароны жеңімпаз деп жариялады. Бұл жағдайға ренжіген Рози: "Бұл менің өмірімдегі ең жаман екінші сәт. Біріншісі осыдан 18 жыл бұрын әкемді туған жерге тастап кеткенім" деп мәлімдеді. Дау-дамаймен өткен бір жылдан соң Рози: "Мен таза жеңіске жеттім" деп медальді қайтармай қояды. Ал Гаро үшін жаңасы жасалды.

1996 жылы Розидің қорғаушысы Стив Марк сол даулы марафоннан бірнеше ай өткесін Рози оған арақашықтықты метромен жүріп, мәреге 1,5 шақырым қалғанда жүгіргенін мойындаған. Стив, Розидің мұны жеңіс үшін емес, тек мәре сызығын басқалар сияқты кесіп өту үшн жасағанына, тек уақытты дұрыс есептеменіне сенімді. "Рози метродан шыққасын ешкім жоқ екенін көріп, финишке қарай жүгірген. Өзінің бірінші боп келгенін білген де жоқ. Жеңімпаз болғанын естігенде басқалар сияқты ол да таңғалған" дейді Стив.

Рози шынында да мұны жоспарлы түрде істемеген болуы мүмкін. Тек басқалар сияқты финишті кесіп өткені қағазға тіркелуін қалаған. Себебі марафонға қатысуы үшін жұмыс орны оны қаржыландырған болатын. Олардың Розиден есеп талап етуі де табиғи.

©tribuna.com

Уақыт өте, Розидің 1979 жылғы Нью-Йорктегі марафонда да дәл осы әдіспен жүгіргені белгілі болған. Ол старт бастала салысымен біраз жер жүгіріп, қатысушылар мәреге жақындағанда мәреге солармен бірге қайтып келген. Ол кезде Рози жүлделі орынға ілікпей, бұл әдісін ешкім байқамай қалған.

Розидің шытырман оқиғалары Бостон марафонынан кейін де жалғасты. Және тек спортта ғана емес. 1982 жылы өзі жұмыс істейтін ұйымнан 60 мың доллар ұрлады деген айыппен қамауға алынды. Бір апта түрмеде отырды да шартты түрде 5 жылға сотталды. Бір жылдан кейін полиция қызметкерлеріне кокаин сатқысы келгені үшін ұсталып, тағы үш апта темір тордың ар жағында отырып қайтты.

2019 жылы Рози Руис қатерлі ісіктен қайтыс болды. Оның жалған жеңісі Бостон марафонының ережесін мәңгіге өзгертті: 1980 жылғы жанжалдан кейін ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға электронды чиптер тағатын болды.

Енді ешкім Розидің "ерлігін" қайталай алмайды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1033818
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Лашық райондарын жаңала 2 min
Аршынды қәдәммен алға б 2 min
Магистратураға түсушіле 3 min
Қыркүйекте қазақстандық 6 min
Ауыл жастары мешіт имам 12 min
Үйінен қашып кеткен 13 12 min
Т.Макдевит: Сеул мен Ва 12 min
Сыртқы істер министрліг 12 min
Ақтөбеде Өзбекстан азам 12 min
Магистратура қорытындыс 15 min
Алматы Орталық Азия елд 21 min
Жүңгө тілшілер бірлесті 22 min
Қоғам апталық шолу №33 22 min
АҚШ Тайваньға 66 жойғыш 22 min
"Әкесі бар адамға 22 min
Токио-2020 Олимпиада ой 24 min
Байдарка мен каноеде ес 27 min
«Зекет» қоры 120-шы бас 27 min
Трамп Сирияда қолға түс 1 sagt
Ресейдің Иркутск облысы 1 sagt
Тұрақты мекенжайы жоқ Қ 1 sagt
Өтіріктен де ауыр күнә 1 sagt
Тянжин шинжяңға көмекте 1 sagt
Боливияда 500 мың гекта 1 sagt
Елорда әкімі екі мектеп 1 sagt
Балық аулау жарысын өтк 1 sagt
Ши жинпиңның жаңа ٴдауы 1 sagt
Қашан өлетініңді 10 жыл 1 sagt
«Астана» университетіні 1 sagt
Вакансиялар мен төлемде 1 sagt