Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-23535344954 %46 %
2019-08-2413973657 %43 %

Арулардың жұлдыз белгілеріне сай қандай гүл сыйлаған дұрыс? Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізг



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 18:15 - 2019/08/12


Арулардың жұлдыз белгілеріне сай қандай гүл сыйлаған дұрыс? Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Арулардың жұлдыз белгілеріне сай қандай гүл сыйлаған дұрыс?

Әр жұлдыз белгісінің нақты энергетикалық типі бар. Астрологтар сол энергия әрқашан тепе-теңдікте болуы үшін адамдар өздерін жұлдыз белгілеріне сәйкес тастармен, гүлдермен және өсімдіктермен қоршау керектігін айтады. Арулардың жұлдыз белгілеріне сай қандай гүл сыйлаған дұрыс? 

Тоқты
Тоқтылардың қызба темпераменті оларға алған беттерінен қайтпай өз мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. Олардың таусылмайтын энергиясына, оптимизмі мен батылдығына жауап беретін отты Марс ғаламшарының арқасында Тоқтылар өмірлік қиындықтарды жеңе білетін нағыз лидерлер болып келеді. Астрологтар Тоқтыларға кей жағдайда өздерінің қызбалығын және асыра сілтеуін бақылауда ұстауға кеңес береді. Тоқтыларға арналған гүл шоғы көкнәр, сарғалдақ және долана секілді гүлдерден тұруы керек. Олар Тоқтылардың жақсы қасиеттерін айқындауға және Марстың аса қызбалығын азайтуға көмектеседі.

Торпақ
Шолпан ғаламшарының басқаруындағы Торпақтар парасаттылығымен, адалдығымен және жақсы зейін қою қасиетімен ерекшеленеді. Олар табиғатынан қырсық болғандықтан өз дегендеріне жетпей қоймайды. Алайда олар әрдайым өмір сапасы мен эстетиканы бастапқы орынға қояды. Астрологтар Торпақтарға кертартпа және пессимист болмауды ұсынады. Ішкі энергияны теңдестіруге көмектесетін Торпақтарға арналған гүл шоғы аюбадам, бөртегүл, зығыр мен мирттан тұруы керек.

Егіздер
Ақыл-парасаты, әзіл-сықақ сезімі және интуициясы жақсы үйлескен Егіздер кез келген адаммен оңай тіл табысып, достық қатынаста бола алады. Астрологтар Егіздерге ақпаратты көбірек өзіне сіңіруді, шешім қабылдауда салғырттық танытпауды және айналасындағыларға көбірек жылу сыйлауды ұсынады. Егіздерге арналған гүл шоғы нарқайсар, ақгүл (жасмин) және лаврдан болғаны жақсы.

Шаян
Шаяндар – қайтпас романтиктер, олар бай қиялымен, жақсы бейімделгіштігімен және жақындарына адалдығымен ерекшеленеді. Шаяндарды басқаратын Ай оларға адалдық, жауапкершілік және қамқорлық сыйлайды. Бұл жұлдыз белгісінің ренжігіштік және менмендік секілді негативті жақтарын ақ лалагүл немесе таушымылдық (пион) гүлдері баса алады.

Арыстан
Күннің басқаруындағы Арыстандар батылдығымен, ашықтығымен және сенімділігімен ерекшеленеді. Еңбекқор Арыстандар өмірінің барлық саласындағы жұмысқа қабілеттілігімен мақтана алады, сондықтан олар адал дос, қамқор үй иесі және жақсы әріптес болып келеді. Астрологтар оларға мансапқұмарлығы мен менмендігін бақылауда ұстауды ұсынады. Жақсы қасиеттерін көрсетуге көмектесетін Арыстандарға арналған гүл шоғы анемона, бәйшешек, лаванда және омеладан тұрады.

Бикеш
Бикештер ең ынталы және ыждаһатты жұлдыз белгісіне жатады. Бикештердің алғырлығы мақсаттарына жетуге көмектессе, орындаушылық қасиеттері оларды керемет ұйымдастырушы етеді. Бикештерге айтылатын басты кеңес – ұсақ-түйекке және ренішке азырақ мән беру. Энергияның тепе-теңдігі үшін Бикештерге гладиолус, ботакөз және мыңжапырақ сыйлаған дұрыс.

Таразы
Жұлдыз жорамалдың басты дипломаттары – Таразылар. Олар әдептілігімен, тілдесудегі жеңілдігімен және игілікке ұмтылысымен ерекшеленеді. Таразылар әрдайым ымыраға келуге дайын болғандықтан жұмысын, отбасысын және жеке әуесқойлығын тепе-теңдікте ұстап тұра алады. Астрологтар оларға өзін-өзі бағалау қасиетін жетілдіруді ұсынады. Таразыларға ақ раушан, шегіргүл (фиалка) және сүмбілден тұратын гүл шоғын ұсынған жөн.

Сарышаян
Плутон Сарышаяндарға алғырлық, тұйықтық және айқын қиял сыйлайды. Батыл әрі байсалды Сарышаяндар ішкі бақылауымен және адамгершілігімен ерекшеленеді. Астрологтар Сарышаяндарға ашуланшақтығын бақылауда ұстауды ұсынады. Оларға көкбұтадан және сәлбеннен жасалған гүл шоғын берген жөн.

Мерген
Юпитер басқаруындағы Мергендер адал және өздеріне сенімді болып келеді. Бұл белгінің өкілдері еркіндікке және тәуелсіздікке ұмтылады. Олар қолдары ашық және ақкөңіл келеді. Мергендерде басқару қасиеті жақсы дамыған, алайда астрологтар оларға аса өктемшіл болмауды ұсынады. Мергендерге арналған гүл шоғы құлқайырдан және қызыл раушаннан тұрады.  

Тауешкі
Төзімді әрі тәуелсіз Тауешкілер жұлдыз жорамалдағы ең ынталы адамдар болып саналады. Олар Сатурн ғаламшарының басқаруында болғандықтан Мергендер тәртіпті жақсы көретін, өзін-өзі басқаратын және еңбекқор болып келеді. Астрологтар оларға өзімшілдігін, сезікшілдігін және өзіне сын көзбен қараушылығын бақылауда ұстау керектігін айтады. Оларға көкнәр, ақжиде және қарағай мен самырсын бұтақтарынан тұратын гүл шоғын сыйлаған жөн.

Суқұйғыш
Суқұйғыштарды әсерлілігі, алғырлығы және идеялылығы ерекше етеді. Уран ғаламшары Суқұйғыштарға өздерінің қиялын жүзеге асыруға жететіндей энергетикалық күш-қуат сыйлайды. Астрологтар Суқұйғыштарды қызбалығын басуға және жалқау болмауға шақырады. Суқұйғыштарға мимоза бұтақтарынан тұратын гүл шоғын сыйлаған жөн.

Балықтар
Балықтар – жұлдыз жорамалдың басты қиялшылдары. Балықтар отбасысына және сүйікті адамдарына жақын болғанымен жиі жалғыз қалғанды ұнатады. Балықтар руханилығымен және әсерлілігімен ерекшеленеді. Астрологтар балықтарды пассивті болмауға және сенімді болуға шақырады. Оларға арналған гүл шоғы қырыққұлақ (папоротник), күнбағыс және жабайы раушаннан тұрғаны дұрыс.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1033490
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар