Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21821284855 %45 %

Балтабек Нұрғалиев. Гүлді жырлап, гүл жинасын кіл ақын Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қос



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 17:30 - 2019/08/12


Балтабек Нұрғалиев. Гүлді жырлап, гүл жинасын кіл ақын Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Балтабек Нұрғалиев. Гүлді жырлап, гүл жинасын кіл ақын

Балтабек Нұрғалиев – 1990 жылы 16 маусым күні Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының түлегі. Мамандығы – режиссер.  2010-2011 ж – Алматы қаласында өткен  Республикалық сахна өнері саласындағы студенттер олимпиадасында "Режиссура" мамандығы бойынша "үздік қойылымдары  үшін" екі мәрте 1-орын және Гран-При иегері атанды. 

2012 жылы Астана қаласында өткен Шығармашыл жастардың XV-Халықаралық "ШАБЫТ" фестивалінде "Үздік әдеби  шығарма" номинациясының "Поэзия" категориясы бойынша "Сегізінші нота" жыр жинағы үшін Гран-При иегері атанды.  2013 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының Республикалық "АҢСАР" әдеби байқауының "Поэзия" номинациясы бойынша лауреаты атанды. "2013 жылдың үздік ақыны" атағының иегері.

Сусаған

Шөл – ғұмыр-ай... шөлдетер,
Құм – уақыт-ай... қолымыздан сусымақ.
Бұлақ – арман... құмға сіңіп ол кетер,
Жүрміз көктен су сұрап.

Қайда, шіркін, бір бұлақ?
Өкініш көп өңештерді қырнаған.
Тас жармаған тұншығады гүл жылап,
Қиялдар-ай құрғаған.

Еркіндіктен қол үзді,
Жел бұйырды: «жерден оны көшір» – деп.
Құмда қалған іздер бар-тын, сол ізді 
Құмның өзі өшірмек.

Мұң – алқакөл сұлама,
Беу, ойлар-ай – шұбырынды ақтабан.
Ақырында құм қинаса, жылама...
Кезінде кім таптаған?

Ажал анау көржүзді,
Бұрқыраған шаң жұтпақ па бұл жүрек?
Басып қалмақ... тұншықтырып ол бізді,
Құтылмаспыз құм күреп.

Тез кетерміз, тез келіп,
Кеңге сермеп үлгермейміз құлашты.
Бұл дүние – құм үстінде кезбелік,
О дүние – құм асты...

Жүздерінде алаң бар,
Тұр неліктен жанарларға мұң қонып?
Гүл боп өмір сүрсек дейді адамдар,
Кетпей тұрып құм болып.

©woman.rambler.ru

Мұң

Күнсіз болса көңілсіз кеуде жүдер,
Жыр жазбасақ жер жүзін шырайлы етер.
«Жалғызбын» деп айтпасын жердегілер,
Біз түгілі... аспан да жылайды екен!

Жұлдыздардың көз жасы неткен жарқын,
Жұлдыз деген жарық мұң жаршысы ма!
Төкпей жүрген жасымыз кеткен, бəлкім,
Көк аспанның айналып тамшысына?!

Қаралыққа сезімдер тұншыққанда,
Жыр жағасын жұлқылап... тал қармайды.
Қалай өзі... көзсіз ел қырсыққан ба?
Көздің жасын ешбірі аңғармайды.

Найзағайдай қуатты толғау-əнмен,
Жұлдыз жасы қарайған жанды жуар.
Бұлттай биік, көктей зау болмағанмен,
Жанарында гүлдің де жаңбыры бар.

Ұғып сырын гүлдердің тілсіз бүгін,
Жарық мұңның жыртығын жәй жамаймын.
Ұзақ таңға жетеді үнсіздігім,
Күркірімен жасынды найзағайдың!

О, Көк Аспан, қолда сен, бір дем бергін,
Ышқынған бұлт қызғанып күйіп жүрер.
Көздің жасын күлкі етіп жүргендердің
Жаңбырыңды үстінен құйып жібер!

Өткінші қыс, көктем, жаз, әр күз елес,
Төртеуі деп соғады жыл жүрегі.
Жалғыздық ол расында жалғыз емес,
Жетегінде әрдайым Мұң жүреді.

©jam-dc.ru

Адасу

Маған шаттық бола қоймас сен өлсең,
Саған шаттық болар ма екен мен өлсем? 
Кеудемдегі күмбірімді күндейсің,
Неге өмірді қызғанасың менен сен?

Анау аспан, мынау жер де мен үшін,
Анау жер де, мынау аспан сен үшін.
Табиғат та тілейді шын болсын деп
Екеуміздің арамызда келісім!

Әзәзілді жуытпайық араға,
Қате басқан Адам ата, Хауа ана.
Тар табытта тұншығамыз біз ертең,
Жүрсек бүгін таласып мол ауаға.

Қала – қырғын, даурығады... дала – шу,
Айналада айқай салған адасу.
Аспан асты адамзаттың өмірі –
Ардан аттап, ауа үшін таласу.

Күңіреніп кесапатты кекпенен,
Тілсе-дағы қан шықпайтын бетпенен.
Дейміз жəне күншілдікпен тепсініп:
"Сен ауаны жұтып қойдың көп менен!"

Ауасы да арам болар жалғыздың,
Жалғыздығы жараспайды жұлдыздың.
Қызғанышпен жұтып жүрміз ауаны,
Демімізді жаратар ма ол біздің?
Сол қызық...

©noulpamant.ro

Күбір

Мәңгіміз бе?
Кезек енді, мінекей, келді күзге...
Уа, Адамзат, жауғанын жапырақтар,
Көрдіңіз бе?..

Жас-күйігін
Көтере алмай, зілдей мұң басты иығын. 
Қалжыратып күз желі, кемсең қағып,
Кәрі ағаш санап отыр таспиығын.

Күз боп төнген,
Ол ажалға не демек іздеп келген?
Жапырақтар кәрі ағаш қолындағы
Таспиықтай бейне бір тізбектелген.

Жығылғанша, 
Ол санайды қалғанын ғұмыр қанша.
Дірілдейді қайталап Тәңір атын,
Күбірлейді жанары жұмылғанша.

Жол-шатқалы...
Оның әлі есінде сол шақтағы.
Өмір берсе бірер күн – тілегені,
Төгілгенше төзер ме моншақтары?!

Тәркі жалған...
Соғып жатыр алапат салқын алдан.
Қурап қалған кәрі ағаш жапырақсыз, 
Таспиығын ақ ажал тартып алған.

Өлер екен...
Қалғымайтын Құдырет шебер екен. 
Жапырақтай әдемі өле білу – 
Ұққан жанға – Ең Ұлы өнер екен!

Мәңгіміз бе?
Кезек енді, мінекей, келді күзге...
Уа, Адамзат, жауғанын жапырақтар,
Көрдіңіз бе?.

©dnca-investments.com

Гүл үшін

Тірлігіңнің бәрі бүгін күлкілі,
Көп гүлдердің тыңдамаған тынысын.
Ақын біткен ұялады бір күні
Ұлы соғыс басталғанда гүл үшін.

Соғыс талай өткен сонау дәуірде,
Дүниеге кім келмеген, кім кетпей?
Дағдарғаның есіңде ме... қабірге
Егетұғын бір жапырақ гүл жетпей.

Гүлді жырлап, гүл жинасын кіл ақын,
Нұрсыз жүрек гүлдің сөзін тыңдай ма?
Гүлің қайда тасты жарып шығатын,
Мұзды жарып шығатұғын гүл қайда?

Гүлді мынау ит-құсың да жем қылар,
Жоқтау айтар жерге қарап, күн зарлап.
Гүл сыйлауың былай тұрсын... енді олар,
Арпалысар алу үшін гүл жаулап.

Гүл жауса деп тілеп тұрған аспаннан,
Анау байғұс ақыныңа қарашы.
Тоқтатуға бұл соғысты басталған
Гүлдің сонда келер ме екен шамасы?

Сонда менің жүрегімді мұң жаншып,
Қинағанда қанішерлік түнегі.
Ыршып түссе гүл көзінде тұнған шық,
Жарық күннің соқпай қалар жүрегі.

Ұлы соғыс басталғанда гүл үшін,
Ұғынықсыз болып қалар гүл тілі.
Гүл өлгенде... қалай жүрсің, тірісің,
Тірлігіңнің бәрі маған күлкілі!

©icocnews.ru

Хауаға арнау

Ғаламға басын еш имеген,
Жерге де табаны тимеген
Ертеде бір Жүрек болыпты
Жұмақтың сазына билеген.

Күнді де, Айды да құшатын,
Бұлттардың қолдарын қысатын
Болыпты бір Жүрек ертеде,
Нұрқанат тағынып ұшатын.

Билей де, ұша да білетін,
Қанаты жоқтарға күлетін
Бір Жүрек болыпты ертеде,
Аспанға гүл егіп жүретін.

Кіршіксіз төгіппіз нұр әсем,
Кіршіксіз егіппіз гүл әсем.
Жүрекке иелік етіппіз,
Мына мен және де мына сен.

Гүл еге билеппіз, нұр төге.
Нұр төгу, гүл егу - мəртебе.
Бір жүрек – мендегі, сендегі,
Болыпты ол бірақ ертеде.
Сол кезді сағындым өртене...

©nesslau-krummenau.info

Махаббат

Кезеріп жердің гүл-еріндері,
Сүйе алмай кетті нұр-жаңбыр.
Жылуын іздеп жүрегіндегі, 
Табамын дейді мұңнан нұр...

Күл болар... бағын күте көктемі,
Көктемдер түбі күйрейді.
Раушан гүлдердің тікенектері
Жер жанын ол да түйрейді.

Жар салғым келді, ән салғым келді,
Ақ аспан, кейін ұғарсың.
Қанға боялған раушан гүлдерді,
Көзіңнің жасы суарсын.

Өлгелі жатқан арман оянған,
Махаббат деген қандай күш?!
Гүл-ернін тосып қанға боялған,
Аспанды сүймек жер байғұс...

©sacred-journey-healing.myshopify.com

Өмір-жалған

Ұзатылып бара жатты елден қыз,
Жанардағы жауһар жасын көргенбіз.
Біз қонақ боп сонау қыздың тойына 
Құттықтауға келгенбіз...

Жүрегінде жасырынған не сыры?
"Ақиқат!" деп құлшыныпты ес-үні.
О, ағайын, паш етейін... ол қыздың
Өмір екен есімі.

Қыз-Өмірді қимас арман жылатты,
Жылдар оны жар-жар айтып жұбатты.
Көз алдында керуені уақыттың
Қара шаңын шұбатты.

Күймесіне жүгін жиып... көшті асып,
Сүймесіне пәк құшағын тосты ашып.
Өкінішпен өксіп кетті ол Өмір, 
Ғашығымен қоштасып.

Сірә, солай болатынын біліп пе?
Сан толғанса... санасына кіріп пе?
Ақиқатты сүйгенменен... қосылды
Жалған атты жігітке.

Бүгінде оның Үміт деген бар ұлы – 
Жалғыз ғана, жалғыз ғана жарығы.
Оралмады Өмір-қыздан алыстап,
Ақиқаттың ауылы.

Қыздан өзге сол Үміттің нұрлы-игі
Ақиқаттың ұлы екенін білмейді.
Әке ауылын сонау Үміт үлкейіп,
Іздеп әлі жүр дейді.

Алаң жұртым, кім біледі анықты,
Жұмақты, әлде, беттеді ме тамұқты?
Сол Өмірдің содан бері сыңары
Жалған болып қалыпты.

P.S. Өмір-Жалған...


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1033476
Пікірлер

Көрші сілтемелер