Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-23535344954 %46 %
2019-08-2415680957 %43 %

Ақынның сүйікті бес кітабы - Құрманай Бақтиярқызымен "Бірге оқимыз" Біз сізді жарқын әлемге жетелейм



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 15:05 - 2019/08/12


Ақынның сүйікті бес кітабы - Құрманай Бақтиярқызымен "Бірге оқимыз" Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Ақынның сүйікті бес кітабы - Құрманай Бақтиярқызымен

ERG компаниясының қолдауымен Тengrinews.kz сайтында "Бірге оқимыз" жобасы басталған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. Осы мақсатта Тengrinews.kz тілшісі алдағы уақытта жазушыларымыздың бес кітабын оқуға ұсынып отырады. Бұл жолы танымал ақын Құрманай Бақтиярқызының сүйікті бес кітабын ұсынамыз.

Мұхтар Әуезов "Абай жолы"

Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы - қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне енген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың ұлы ақыны Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. "Абай атамыздың өмірі, өркендеп өсу жолы, сол кездегі қазақ даласының қазақ даласының өмірі туралы бұл шығарманы әрбір қазақ баласы оқуы тиіс", - дейді ақын. 

Ілияс Есенберлин "Көшпенділер"

Шығарма кейіпкерлері ретінде негізінен тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген батырлар. Бұлар - ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар. "Жаугершілік заманындағы қазақ елінің азаттығы үшін күресі жайындағы бұл трилогиядан көпшілік нәр алып, көп нәрседен мағлұмат алары сөзсіз", - дейді Құрманай Бақтиярқызы. 

Джордж Гордон Байрон "Дон-Жуан"

Көзі тірісінде Байронды да көре алмаушылар көп болды. Себебі, әлем поэзиясында ұлы лирик ақын ретіндегі қаламынан туындаған шығармалар оны биік дәрежеге көтерді. "Дон Жуан" - Байрон шығармашылығының соңғы кезеңіндегі ең ірі және әрі мағыналы шығармаларының бірі.

Агата Кристи шығармашылығы

Ақын Агата Кристидің 20 томдық детективтік шығармаларын ерекше атап өтті. Кристи 60 детективті роман, 6 психологиялық роман және 19 әңгімелер жинағын шығарды. Оның 16 пьесасы Лондон қаласында қойылған, кітаптары 4 миллиардтан астам тиражбен сатылып, 100-ден көп тілге аударылды. 

Омар Хаямның афоризмдер жинағы

Құрманай Бақтиярқызының айтуынша, ол Омар Хаямның афоризмдерін күнделікті өмірде жиі қолданады.  Ғұламаның шығармашылығы адам өміріне арналған. Омар Хаям өмір мен өлім, жақсы мен жаман, жастық пен кәрілік, ізгілік пен зұлымдық, жұмақ пен тозақ, секілді тақырыптарды төрт жолды өлеңге сыйғыза білген әйгілі парсы ақыны. Бұдан бөлек астрономия және математикаға байланысты бірнеше еңбегі бар. 

Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. "Бірге оқимыз" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірге "Талантты балалар", "Жеңімпаздар", "Батырлар арамызда" жобалары қолға алынған.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1033401
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар