Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20345155438 %62 %

Данияр Елеусінов "Канелоның" командасында болған боксшымен жұдырықтасады Біз сізді жарқын әлемге жет



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 11:20 - 2019/07/12


Данияр Елеусінов "Канелоның" командасында болған боксшымен жұдырықтасады Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Данияр Елеусінов

Кәсіпқой бокста қазақ елінің абыройын асырып жүрген спортшы Данияр Елеусінов мансабындағы сегізінші жекпе-жегін 27 шілде күні Арлингтонда (АҚШ, Техас штаты) өткізеді. Отандасымыз мексикалық боксшы Оскар Кортеспен (27-4, 14 КО) жұдырықтасады.

Бокс кеші College Park Center аренасында өтеді. Басты жекпе-жекте бірінші орта салмақтағы боксшылар Хосе Карлос Рамирес (24-0, 16 КО) пен Морис Хукер (26-0-3, 17 КО) кездеседі. Олар WBC және WBO чемпиондық атақтары үшін шайқасады.

Данияр мен Оскар арасындағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. "Тышқан" деген лақап атпен танылған мексикалық боксшы кәсіпқой бокста 31 жекпе-жек өткізген. Оның 27-де жеңіске жеткен. 14 жекпе-жегінде қарсыласын уақытынан бұрын ұтқан. 4 рет жеңілістің кермек дәмін татқан.

26 жастағы боксшы Сауль Альварес промоутерлік компаниясының (Canelo Promotions) құрамында болған. Тіпті, ол "Канелоға" жекпе-жектері алдында қолғабыс жасаған. Оның тәлімгерлері Хосе және Эдди Рейносодан сабақ та алған.

Қазақстандық боксшы болса кәсіпқой боксшы жеті жекпе-жек өткізіп үлгерді. Барлығында қарсыластарын айқын ұтып келеді. Сондай-ақ Оскарға қарсы алғаш рет он раундтық жекпе-жекке шықпақ.

Қазіргі таңда Данияр Елеусінов алдағы жекпе-жегіне бокстан Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге Нұр-Сұлтанда дайындалуда.  


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1022197
Пікірлер

Көрші сілтемелер