Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16372242649 %51 %

Еуропа лигасы. Эсеоланың екі голы "Қайратқа" жеңіс сыйлады Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 10:05 - 2019/07/12


Еуропа лигасы. Эсеоланың екі голы "Қайратқа" жеңіс сыйлады Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Еуропа лигасы. Эсеоланың екі голы

"Қайрат" футбол клубы Еуропа лигасындағы бірінші ойында "Широки Бриегтен" басым түсті. Алматылық клуб Боснияда қарсыластарын 2:1 есебімен ұтты.

Іріктеу кезеңіндегі бірінші ойын "Пецара" стадионында өтті. Бірінші болып "Қайрат" командасы гол соқты. 29 минутта капитан Бауыржан Исламханның тамаша пасын шабуылшы Адринсеола Эсеола голға айналдыра білді.

"Широки Бриег" командасы да өз нәтижелерін көп күттірген жоқ. 34 минутта Иван Енин есепті теңестіріп кетті. Команда сапында ойнайтын ресейлік легионердің тепкен добын Стас Покатилов қайтарып үлгермеді. 

Эсеола екінші таймда дубль жасады. Елдос Ахметовтің берген пасын ұтымды пайдаланып, қазақстандық командаға жеңіс сыйлаған голды соқты.

Екі команда арасындағы қарымта ойын 18 шілде күні Алматыда өтеді. Елорда уақытымен сағат кешкі 20:30-да басталады.

Айта кетейік, қазақстандық клубтар биылғы еурокубок ойындарын сәтті бастады десек болады. "Астана" өз алаңында Румынияның ЧФР командасын ұтты. "Ордабасы" өз алаңында Грузияның "Торпедо" командасынан басым түсті. Ал "Тобыл" болса бірінші ойында түзде "Женесспен" тең ойнады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1022174
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар