Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16433263247 %53 %

Іскер Азамат Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 15:30 - 2019/07/11


Іскер Азамат Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Іскер Азамат

Қарағанды облысы Приозерск қаласының тұрғыны Азамат Чалгымбаев тұрмысқа қажетті тауарлар өндірумен айналысады.«Атамекен» кәсіпкерлік палатасының көмегімен Азамат маркетингтік стратегияны, бизнес жоспарды жергілікті шикізатты негізге алып жасауды меңгерді, бизнес идеялар байқауында бақ сынады.  2018 жылы ол Приозерск қаласы әкімінің жастарға арналған 1 млн 200 мың теңге грантын ұтып алды.

Жас жігіт бизнес жүргізу үшін түрлі курстар мен тренингтерге, форумдарға қатысып, тәжірибе мен білім жинаудан жалыққан жоқ. Үнемі ізденіс үстінде жүретін Азамат тұтынушыға қолжетімді өнім өндірудің маңыздылығын түсінді. Оған тау-кен компаниясында жинаған тәжірибесі де көмекке келді. 25 жасында ол «Ер-Тай» атты ЖШС тау-кен компаниясында лауазымды қызмет атқарды. Бірақ, болдым-толдым деген жоқ. Тұрмысқа қажетті өнімдердің үздіксіз пайда әкелетіндігін байқаған Азамат өз ісін бастауға шешім қабылдады. 2014 жылы ол Приозерск қаласындағы «Атамекен» КП филиалына барып, өз жоспарын ұсынды. Дегенмен, газбетон блоктарды шығаруды көксеген жігіт ол өнімдерді қайда, кімге өткізуге болады, қанша табыс кіреді деген ойлардан алыс болатын. Байқауда комиссия мүшелері жоспардың шикілігін бірден аңғарды. Бір қайнауы ішінде қалған бинзес идея байқауда грант ұта алмады. Дегенмен, Азамат берілген жоқ. Ол «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Приозерск қаласындағы филиалына қайта жүгінді. Мамандар оған жеке кәсіп ашудың қыр-сырын түсіндірді. Жекеменшік кәсіпорын ашудан бастап, салық төлеу, бухгалтерия жүргізу, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді жоспар жасау, маркетингтік стратегия негіздерін тегін үйретті. 

«Атамекен» КП Азаматқа кəсібін жолға қою үшін инвестор тауып берді. Инвестор өз кезегінде жас жігітке 5 млн теңге беріп қолдау көрсетті. Ол қаражатқа кір сабын шығаратын қазақстандық құрал-жабдық сатып алды, оны қалай шығаруды үйренді. 2017 жылдан бастап күніне 800 дана кір сабын өндіріп келеді. 

Азаматтың мақсаты бизнесін кеңейтіп, шаруасын дамыту. «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде «Іскер байланыс» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы Германияда бір ай бойы «Топ менеджментті» меңгерді. 

Жас кәсіпкердің «Азамат-2050» атты ЖШС бар. Біліммен қаруланған жігіт құрылыс өнімдерін де өндіретін жаңа құрал жабдықтар сатып алды. Азамат әрі арзан, әрі сапалы өнім шығару үшін зертханасында түрлі сынақтар жүргізді. Ол бедерленген суреті бар қыш тақтайшаларды өндірудің түрлі әдіс-тәсілдерін сынап көрді. Күйдірді, қыздырды, әрледі, бедерледі, бояды, араластырды, құрамын өзгертті, қоспалар қосты. Нәтижесінде декоративті шыны тақтайларды өндірудің Қазақстандағы тұңғыш технологиясын ойлап тапты. Азаматтың айтуынша мұндай декоративті шыны тақтайшалар бұрын біздің елде шығарылмаған. 28 түсті үйлестіріп жасаған бедерлі плитаны еденге, қабырғаға төсеуге болады. Интерьер жасаумен айналысатындар осы уақытқа дейін бағасы 14-45 мың аралығындағы қымбат ресейлік, итальяндық өнімдерді қанағат етіп келеді. Ал Приозерск қаласында өндірілген тақтайшалардың бағасы 3500-12000 тенге тұрады. Бағасы қолжетімді, сапасы жоғары отандық өнім астаналық өнім өндірушілердің назарына ілікті. 

Жас кәсіпкер жетістікке жету үшін қателесуден қорықпау керек дейді. Ең бастысы құлшыныс пен өзіңе деген сенім маңызды. Ол бірден пайдаға кенелген жоқ. Әлі де білікті мамандардың ақыл-кеңесіне мұқтаж екендігін жасырмайды. Бірақ тәжірибенің аздығы жаңа өндіріс технологиясын ойлап табуға кедергі болған жоқ. Азамат әзірге өзін жарнамалаудан аулақ. 

  • Бұл тақтайша ұзақ қолдануға жарамды. Сыз бен дымқылды өткізбейді. Ғимараттың еденін, іргесін, сыртқы қабырғасын да қаптауға болады. Механикалық, табиғи өзгерістерге төзімді. Әрі жеңіл, жұқа,-дейді Азамат Чалгымбаев. 

Облыс орталығынан 500 шақырым қашықтықта жатқан Приозерск қаласы үшін тұрмсықа қажетті өнімдерді жеткізу қиындық тудыратын. Азамат осы олқылықтың орнын жойып, маңайындағы елдімекендердегі дүкендерді толықтай қамтамасыз етуге көшті. Бүгінде Азаматтың кәсіпорны газблок, құмблок, шлакблок, кірпіш, бедерленген шыны тақтайша, кір сабын шығарады. 

- Мен керамикалық өнімдер шығаратын цех ашуды да жоспарлар отырмын. Керамиканы тұтынушылар аз емес. Ол авиацияда, қағаз өндірісінде, автомобиль, металлургия, медицина, қорғаныс саласында да сұранысқа ие. Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен «Жасыл экономикаға көшу» Тұжырымдамасы бекітілген. Құрылыс материалдарының экологиялық қауіпсіздігі де Тұжырымдаманың басым бағыттарында қарастырылған. Топырақ ежелден экологиялық таза өнім болып табылады,-дейді кәсіпкер. 

Азамат бір жерде тоқтап қалғысы келмейді. Нарықты жаулау үшін тек алға жылжу керек. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге ұсынып отырған көмегі мен қолдауы Азаматты жаңа биіктерді бағындыруға жетелеп келеді. 

Ләззат Қожахметова 

Қарағанды облысы


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1021927
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Өмірзақ Шөкеев комбайнм 3 min
KASE: Доллар бағамы тағ 6 min
Атырау тұрғындары төрті 9 min
Астанада аптап ыстықтан 9 min
Жяңсу: байлықтан бірге 9 min
Партя құрылысының негіз 9 min
Көкшетауда ең ұзын құра 9 min
Оралда қос бірдей жасөс 15 min
Британдық дәрігерлер си 18 min
Нұр-Сұлтаннан Шанхай ме 21 min
Ыстықкөлде жоғалып кетк 24 min
Димашпен салыстыру, өм 29 min
Хилұңжяң: емдеу арқылы 29 min
Оқу-ағарту істеріне таб 29 min
Тоқаев Мемлекеттік қызм 29 min
Астанада аптап ыстықтан 30 min
Бүрітбай Аяған: Ғылымға 1 sagt
Қазақстан ыстық десеңі 1 sagt
Ирак ДАИШ балаларын алы 1 sagt
Оралда туристер мінген 1 sagt
Ыстықкөлде скутермен жү 1 sagt
Партя орталық көмитетін 1 sagt
Чанжоудағы студент өлім 1 sagt
Ең сүйікті өрт өшіруші 1 sagt
Алматыда көлік өртенді 1 sagt
Үйленуге дәнекер болу – 1 sagt
Павлодар облысы әкіміні 1 sagt
Павлодар облысы әкіміні 1 sagt
«халық гәзеті»: кәдрләр 1 sagt
Атакентті жаңғырту жоба 1 sagt