Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16433263247 %53 %

"Киіт кигізу - қыз сату деген сөз емес". Қазақ дәстүрі жайлы не білеміз ? Біз сізді жарқын әлемге же



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 15:20 - 2019/07/11


"Киіт кигізу - қыз сату деген сөз емес". Қазақ дәстүрі жайлы не білеміз ? Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге бай ел. Әрбір дәстүрдің қалыптасуында терең мән жатыр. Солардың бірі әрі ерекшесі киіт кигізу дәстүрі. Киітке бұрын не берген, қазір не беріп жатыр? Киіт кигізудің мәні неде? деген сұрақтарға жауап алу мақсатында Tengrinews.kz тілшісі филология ғылымдарының кандидаты, ассоциациялық профессор Ақмаржан Ақыжановамен сұхбаттасты.

Киіттің мәні неде?

Ақмаржан Тасыбекқызы қазақ халқы үйіне келген адамды құр қол шығармаған дейді.  "Қазақ елі ежелден кең пейілімен, ақ жүрегімен, досқа адалдығымен танылған халық. "Қуыс үйден құр шықпа" деген нақыл сөз бар. Үйіне келген ақ жаулықты әжелердің басына ақ орамалын тақпай, әсіресе жас балалардың қолына тәтті ұстатпай жібермеген. Ал енді киітке келетін болсақ, ол да соның бір көрінісі. Қазақ айтады: "Құда мың жылдық, күйеу жүз жұлдық" деп. О бастан, құда түсіп, танысқаннан бастап, арада жақсы қарым-қатынас орнату, екі жастың болашағын, солардың тату-тәтті өмір сүруіне көмектесу мақсатында екі отбасы тарапынан жасалатын сый ретінде қалыптасқан дәстүр. Киіт кигізу тарихы тереңде жатқан, түбі бір қазақтың бәріне ортақ салт", - дейді профессор. 

Киітке не беріледі?

Маман киіт кигізу дәстүрінде не береді деген сұраққа былай жауап берді: "Бұл екі отбасының жағдайына байланысты болған. "Екі бай құда болса - арасында жорға жүреді, Екі жарлы құда болса - арасында дорба жүреді" дейді. Қазақтың "жау қарындастан" деген сөзі де осы түсініктен бастау алады. Құдаласқан кезде де әркім өзінің деңгейі мен тұстасына қарай қыз алысып, қыз беріскен. Киіт кигізу - қыз сату деген сөз емес. Ол қыздың жағы да, ұлдың жағы да беретін, өзара сыйластық пен құрметтің белгісі", - дейді ол. Ақмаржан Тасыбекқызының айтуынша, бұрынғы заманда әкесінің жұмсаған күшін, анасының ақ сүтін өтеу мақсатында киіт кигізуде көбіне құндыз ішік, қымбат маталар, қымбат тон, зергерлік бұйымдарды арнайы соқтырып, бір-біріне сыйға тартқан. "Қазіргі таңда да, әркім өзінің шама шарқына қарай береді. Оның ешқандай да әбестігі жоқ. Қазіргі кезде тіпті екі жақ бірігіп той жасау немесе той жасамай-ақ бірге қаражат жинап, балаларды шетелге жіберу туралы өзара келісетін отбасылар да болады. Киіт кигізу болмай-ақ қойсын дейтін де отбасылар бар. Алайда, құда келген күннің өзінде қазақ оларды ешқашан құр қол жібермейді. Ол адамдықтың белгісі", - дейді Ақмаржан Тасыбекқызы.

Киіт кімдерге беріледі?

"Қазақ энциклопедиясы" еңбегіне сүйенсек, киіт - құдалықтың негізгі белгілерінің бірі. Киіт - бас киіт, аяқ киіт болып бөлінеді. Құдаларды бастап барған үлкен адамға бас киіт беріледі де, қалған құдаларға екінші дәрежедегі (аяқ) киіт беріледі. Киіт келген құданың беделіне, алатын орнына қарай бөлінеді. Мысалы, бұрын құндыз жағалы тон, қасқыр ішік, кілем, т.б. қымбат бұйымдар, киімдер мен заттар, жүздеген мал (жылқы, түйе, қой) берілген. Киіттің ең төменгі түрі кездемелермен бітеді. Қазақстанның кейбір аймақтарында құда түспей-ақ тойы болғанда, сол үй ішіндегі адамдарға жеке-жеке арнап апарылған киімді де киіт деп атайды. Қазіргі кезде "қалың мал" төленбесе де, оның киіт кигізу сияқты дәстүрлері, басқа да жоралғылары жасала береді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1021921
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алматы әкімі «Бақытты о 1 min
13 млн тенге перечислил 4 min
Сыртқы істер министрліг 9 min
Шәуешек қаласы шарлап т 9 min
Павлодар облысы әкіміні 9 min
Жарасбай Сүлейменов: Ма 9 min
ХҚА еліміздің сирек кіт 16 min
Имамдарға оқыту курсы б 19 min
Намазда ықылық тисе, на 19 min
Бүркітбай Аяған: Ғылымғ 22 min
Ма чаушұй сыртқы істер 29 min
Арыс қаласында 1 172 үй 29 min
Ислам дінінде адамдар 3 1 sagt
Елордадағы үлестік құры 1 sagt
Оралда суға батуға әрек 1 sagt
СҚО-да учаскелік инспек 1 sagt
Өмірзақ Шөкеев комбайнм 1 sagt
KASE: Доллар бағамы тағ 1 sagt
Атырау тұрғындары төрті 1 sagt
Астанада аптап ыстықтан 1 sagt
Жяңсу: байлықтан бірге 1 sagt
Партя құрылысының негіз 1 sagt
Көкшетауда ең ұзын құра 1 sagt
Оралда қос бірдей жасөс 1 sagt
Британдық дәрігерлер си 1 sagt
Нұр-Сұлтаннан Шанхай ме 1 sagt
Ыстықкөлде жоғалып кетк 1 sagt
Димашпен салыстыру, өм 1 sagt
Хилұңжяң: емдеу арқылы 1 sagt
Оқу-ағарту істеріне таб 1 sagt