Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-1713149249 %51 %

ШҚО-да жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылып жатыр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 17:45 - 2019/03/29


2

Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ОВ 156/22 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде де тиісті шаралар қолға алынуда. Осы мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің қызметкері Арай Көшербаевның айтуынша, мұндағы жазасын өтеушілердің еңбекке жарамды бөлігі 100 пайыз жұмыспен қамтылыпты.

«Қоғамда соттылығы жоқ адамдар жұмыс іздеп, жұмыспен қамту орталықтарының табалдырығын тоздырып жүрген уақытта сотталған адамды жұмыспен қамту мекеме қызметкерлерінің табанды қызмет атқаруының нәтижесі деп білеміз. Мекемеде Өскемен қаласындағы жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестермен келісім шарт жасасу арқылы сотталғандар  жұмыспен  қамтылған. 

Сотталғандар тарапынан арыз-шағым жоқ, еңбек ақыларын уақтылы, толық көлемде алып отыр. Бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдардың еңбегін кәсіпорындарда пайдалану – түзеу мекемесіне де, қоғамға да пайдалы. Яғни сотталғандар түзеу колониясының өндірісінде еңбек еткенде қоғам қауіпсіздігіне қауіп туындамайды. Кеңес үкіметі уақытында түзеу мекемелеріне тапсырыс мемлекет тарапынан жүргізілгендіктен, сотталғандар түзеу мекемесінің аумағына жататын кәсіпорындарда еңбек етті.

Қазіргі меншік нысандарының көбеюі және түзеу мекемелеріне жұмыс тапсырыстарының мемлекет тарапынан жүйелі түрде жүргізілмеуі сотталғандардың еңбегін ұйымдастырудың басқа да түрлерінінің пайда болуына әкелді. Сотталғандарды түзетудің бір формасы – еңбек. Бұл заңды бұзған адамдарды тәрбиелеудің бір әдісі, мұндай қадам оларды жаза өтеу жерлерінде қылмыстық ортадан шектеуге және босатылудан кейін өмірге дайындауға мүмкіндік береді. Бұл үшін мекемеде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесі жұмыс істейді», - дейді ол.

Азамат ҚАСЫМ,

«Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=974449
Пікірлер

Көрші сілтемелер