Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-229031842 %58 %

Торғайдағы музейлер кешеніне Алаш ардақтыларының энциклопедиясы табыс етілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 17:24 - 2019/03/29


2

Бұл кітаптардың шыққанына бір-екі жыл болғанымен шалғайда жатқан Жангелдин ауданына әлі жетпеген болатын. Соның жақында сәті түсті. Облысқа іссапармен келген Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қуат Бораш, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының міндетін атқарушы Ербол Тілеш, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сағымбай Жұмағұлов Торғай қаласына арнайы соғып, музейлер кешеніне осы энциклоппедиялар мен Алаш ардақтылары туралы басқа да кітаптарды тапсырды.

«Музей қазір жұрт тек жәдігерлерді көріп, қызықтайтын орын ғана емес, аудандағы, жалпы Торғай өңірі төңірегіндегі колледждер мен мектеп оқушылары және  Алаш  арыстары туралы материал іздеген өзге ғалымдар мен журналистер үшін қорға да айналып келе жатыр. Жастар Алаш ардақтылары туралы материал іздегенде осы кітаптар таптырмайтын  дүниенің бірі» дейді музей кешенінің директоры Гүлбану Сәрсекей.

Торғайға келген қонақтар Ахмет Байтұрсыновтың кіндік қаны тамған Ақкөлге, ұлы адамның туған үйіне соғуды да жоспарлаған екен. Бірақ көктемгі қар еруіне байланысты жолдың нашарлығынан жарты жолдан қайтуына тура келіпті.

«Ахмет Байтұрсынов туған үйді ауылдастар, Ахаң ұрпақтары асарлатып көтеріп қойған еді. Бұл бір жағынан келушілер үшін танымдық маңызы күшті, туристер тартуға да, әсіресе, ішкі туризмді дамытуға сұранып тұрған нысан екенінде дау жоқ. Алайда ауылдастар қам кесектен соққан үй, оның үстіне қысымен от жағылмаған соң, оның тозуы да тез. Әрине, келген ғалымдарды Ахаң үйінің ғылыми-танымдық жағы қатты қызықтырғаны сөзсіз. Алдағы уақытта ол жаққа жол да түзеледі, Ахаң үйі де жөнделеді деп ойлаймыз» дейді Гүлбану Сәрсекей.

Торғайға келген ғалымдар жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Торғайдың кімді де рухани байытатын тағылымды сұлу тарихынан қызықты әңгімелер айтылды.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=974429
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Атырау облысы Қазақстан 3 min
Тағы бір қазақстандық с 13 min
Осы араны басып көріңіз 13 min
Оралда жүкті әйел көпір 16 min
Осы араны басып көріңіз 23 min
Қазақстанда Цифрлық ком 1 sagt
Тоқаев "Оралман" сөзіне 1 sagt
Бекзат Нұрдәулетов – әл 1 sagt
Қостанайлық қайырымды ж 1 sagt
Қазнетке 25 жыл толды - 1 sagt
Министр Риддердегі спор 1 sagt
Димаш Құдайберген қытай 1 sagt
"Барлығын түсіріп, өзі 1 sagt
Балалар музыкамен айнал 1 sagt
Алматыдан 744 шақырым қ 1 sagt
Жанар Хамитова қайтыс б 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Тараздағы форумда той м 2 sagt
Министр шығыста жүр 2 sagt
Жанар Хамитованың ағасы 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Атырауда қазақтың тұңғы 2 sagt
Еліміздің АТОМ жобасына 2 sagt
Сарыағаш кеден бекетінд 2 sagt
Тоқаев СҚО-ға ұшып келд 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Несіпбек Айтұлы | Әдеби 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Қазақстан бокстан Әлем 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt