Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-206492253078 %22 %

Қызылордалықтар елорданың жаңа атауын қолдады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 11:24 - 2019/03/29


2

Жиында Қазақстан Республикасының астанасын Нұр-Сұлтан қаласы деп атауға қолдау білдіру және ел тарихындағы ең маңызды әрі аса жауапты бұл шешім екендігі айтылды.

- Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы ел тізгінін қолына ұстаған 30 жылға жуық уақытта Қазақстанның әлемге танылуына өлшеусіз үлес қосты. Тұралап қалған экономиканы аяғынан тік тұрғызып, елдің еңсесін көтерді. Ядролық қарудан бас тартып, әлемге бейбітшіліктің үлгісін көрсетті. Ұлтаралық татулық пен діни конфессиялардың ауызбіршілігіне баса мән беріп, тұрақтылық пен тыныштықты ту етті. Әлемге тарыдай шашылып кеткен қазақтың басын қосып, атамекенге ат басын бұруына мүмкіндік жасады. Ал, Астананы әсем қала Алматыдан Арқа төріне көшірудегі Елбасының нақты шешімін нақты стартегиялық шешім екендігін уақыт өзі дәлелдеді, бүгінгі күні оған ешкімнің таласы жоқ, - деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.

Мәжілісте коалиция мүшелігіндегі партиялардың басшылары, «Мирас» аймақтың кеңесінің мүшелері де сөз алып, елордамызға Елбасы есімін беру туралы өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда, «Ауыл» Халықтық – демократиялық – патриоттық партиясының облыстық филиалы төрағасы Серікбай Өмірзақов, «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасының орынбасары Шәрбану Есекеева, «Қазақстан коммунистік халық партиясы» облыстық филиалының хатшысы Талғат Телеубаев, «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің директоры Бақытжан Сайлыбаев пен аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Нұрлыбек Мыңжас, ҮЕҰ–дар атынан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен облыстық кәсіподақтар төрағасы Серік Сермағанбетовтер Қазақстанның табыстары мен жеңістері Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екендігін тілге тиек етіп, өтпелі кезеңде елді өрге сүйреген Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін елордамызға беру орынды шешім және ел дамуының жаңа кезеңін анықтайтын аса маңызды қадам екенін айтты.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=974156
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар