Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16462276746 %54 %

Кәсіби мамансыз іс бітпейді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:54 - 2019/03/29


2

Қарағанды технология және сервис колледжі де біз күнделікті тұрмыста қызметіне жүгінетін шаштараз, тігінші, техник-жөндеушілер, аяқ киім шеберлері және іс қағаз­да­рын жүргізушілер сияқты мамандарды даярлайды. Оқу орнымен жақынырақ танысқанда, оның қабырғасында білім алып жатқан 400-ден астам студенттің күні ертең жұмыссыз қалмайтынына деген сенім күшейе түседі. 

«Біздің жұмысымыздағы ең басты көрсеткіш, – дейді колледж директоры Жұмағали Мағзиев, – диплом алған түлектеріміздің жұмыспен барын­ша қамтамасыз етілуі. Бұл үшін студент­­терімізге сапалы, халық­­ара­­лық стандарт­тар­ға сай білім беріп, болашақ кадрларды білікті етіп шыға­ру­ға бар күшімізді саламыз». Осы бағытта колледжде қолға алынған тың жобалар да жетерлік. Білім ошағында оқытылатын барлық мамандық бойынша әлеуметтік серіктестермен тығыз қарым-қаты­нас орнатылған. Мұның өзі ертең түлектердің жұмыс­сыз қал­мауына берік кепіл бола алады. Ал бүгінге дейінгі статис­тикалық көр­сет­кішке сүйен­сек, диплом алған студент­тердің шамамен алғанда 60 пайыз­дан астамы мамандық бойынша жұ­мысқа орналасады екен.

Заман талабына сай жұмыс істеу­ге ұмтылған колледжде былтыр облыс­та тұңғыш рет автомат­тан­дырылған киім үлгісін жасау (САПР) жүйесі бойынша арнайы курсты Мәскеуден келген мамандар ұйымдастырып, оқытушылар сертификат және қашықтықтан оқуға арналған үш айлық сынақ кілтін алды. Сонымен қатар биыл колледж басшылығы Е.Бөкетов атындағы Қара­ғанды мемлекеттік универ­си­тетімен келісімшартқа отырып, оқу орнынан «Көлік және кәсіп­­тік оқыту» кафедрасының филиа­лын ашқан. Бұдан бөлек, оқу орнында мүмкін­ді­гі шектеулі жан­дар­ға арналған инклю­зивтік топ ашылғалы жатыр. Онда нашар еститін 8 бала тігінші, ал денсаулығы дәл сондай және ақыл-есінде жеңіл-желпі ауытқушылық бар тағы үш студент аяқ киім шебері маман­дығына оқитын болады.

Колледждің студенттері елімізде жыл сайын өтіп тұратын WorldSkills кә­сіп­тік шеберлік конкурсына 2016 жылдан бері қатысып келеді. Бай­қау­дың облыстық деңгейдегі сынында оқу орнының студенттері жүлдеден құр қалып көрген емес. Мысалы, 2016 жылы колледж студенті Аяулым Юсупбекова «Шаштараз өнері» аталымы бойынша 2-орын алса, арада бір жыл өткенде Мақпал Хасенова есімді шәкірт «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» бойынша 1-орынды жеңіп алып, республикалық сынға жолдама алды. Ол сол жылы өткен республикалық чемпионатта фина­лист атанды. 2018 жылы колледж студенті Жанайым Мақсұт облыс­тық сында «Дизайн және киімді модельдеу» аталымы бо­йынша үздік шығып, республикалық са­йыста бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. Ал былтыр қараша айында Астанада өткен Қазақстан чемпионатында ол Қарағанды облысы бо­йынша тұңғыш рет алтын медальға ие болып, Ресейдің Қазан қаласында өте­тін «WorldSkills Қазан-2019» халық­аралық чемпионатына қатысу жолдамасын жеңіп алды.

Ж.Мақсұт кол­лед­ждің 2-курсын­да оқиды. Ұстазы Гүлнәр Жұмина­ның айтуынша, қаз­ір­гі таң­да олар әлем чемпионатына қызу дайын­дық жүргізіп жатыр екен. Ең бірінші кезекте әрбір қатысушы ағыл­шын тілін жетік меңгеруі керек. Өйткені халықаралық сайыс шарты бойынша үміткерлерге тапсырма ағылшын тілінде беріледі, қатысушылар да қазылар алдында жұмыстарын түгелдей сол тілде түсін­діріп отыруы керек. 

«Қазандағы әлем чемпионаты үш кезең бойынша өтеді. Үміт­­керлер бірінші эскиз жасайды, одан кейін макетпен жұмыс істейді. Содан соң барып пальто тіге­тін болады. Қазіргі уақытта дайын­дық жұмыстары өз алдына, Жанайым екеуміз ағылшын тілі­нің оқытушысы Тоғжан Смағұл­ова­­дан да арнайы дәріс алып жүрміз», дейді Г.Жұмина.

Таяуда Қарағанды технология және сервис колледжінде Парламент Сенатының депутаты Р.Әбдікеров бол­ып, оқу орны­ның тыныс-тірші­лігімен танысты. Сенатор студент­тер­дің инновациялық тұрғыдағы жетістіктері мен оқу кабинеттерінің техни­калық жабдықталуына риза­шы­лық білдірді. 

«Сіздер қазіргі таңда және бола­шақ­та зор сұранысқа ие мамандық иелерін даярлап жатырсыздар, – деді Рысқали Әбдікеров. – Колледждің материал­дық-техни­ка­­лық базасының заманға сай жаб­дық­талуы көңілден шықты. Студент­терді халықаралық бағдар­ла­­малардың талаптарына сай оқы­ту­ға деген ұмтылыстың, жаңа­шыл­­дыққа құштарлық пен ізденістің ізсіз қалмайтыны белгілі. Мұның бәрі Елбасының техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру бойынша алдымызға қойған міндеттерін орындау барысында жемісін береді деп ойлаймын». 

Сонымен қатар Сенат депутаты колледж мақтанышы Жанайым Мақсұт пен оның тәлімгері Гүлнәр Жұминамен әңгімелесіп, олардың Қазан қаласында өтетін «WorldSkills Қазан-2019» әлем чемпионатына дайындықтарымен танысып, алдағы айтулы сыннан сүрін­бей өтуге тілектестік білдірді.

Қазіргі таңда Қарағанды облы­сы бойынша кезінде атағы жер жарған кәсіпорындар қайтадан қал­пына келтіріле бастады. Оның қатар­ына Абай тігін фабрикасы мен Қарағанды аяқ киім фабрикасын жатқызуға болады. Болашақта жеңіл өнер­кәсіптің аталған ошақтары то­лық қуатымен жұмыс істеп кеткенде, кеншілер астана­сындағы технология және сервис кол­леджін бітіріп шыққан білікті кадрлардың да далада қалмасына сенім мол.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Egemen Qazaqstan»

ҚАРАҒАНДЫ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=974131
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Желіде Ирактағы мұнай т 5 min
Өмірзақ Шөкеев комбайнм 9 min
Алматы әкімі «Бақытты о 11 min
13 млн тенге перечислил 14 min
Сыртқы істер министрліг 19 min
Шәуешек қаласы шарлап т 19 min
Павлодар облысы әкіміні 19 min
Жарасбай Сүлейменов: Ма 19 min
ХҚА еліміздің сирек кіт 26 min
Имамдарға оқыту курсы б 29 min
Намазда ықылық тисе, на 29 min
Бүркітбай Аяған: Ғылымғ 1 sagt
Ма чаушұй сыртқы істер 1 sagt
Арыс қаласында 1 172 үй 1 sagt
Ислам дінінде адамдар 3 1 sagt
Елордадағы үлестік құры 1 sagt
Оралда суға батуға әрек 1 sagt
СҚО-да учаскелік инспек 1 sagt
Өмірзақ Шөкеев комбайнм 1 sagt
KASE: Доллар бағамы тағ 1 sagt
Атырау тұрғындары төрті 1 sagt
Астанада аптап ыстықтан 1 sagt
Жяңсу: байлықтан бірге 1 sagt
Партя құрылысының негіз 1 sagt
Көкшетауда ең ұзын құра 1 sagt
Оралда қос бірдей жасөс 1 sagt
Британдық дәрігерлер си 1 sagt
Нұр-Сұлтаннан Шанхай ме 1 sagt
Ыстықкөлде жоғалып кетк 1 sagt
Димашпен салыстыру, өм 1 sagt