Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-24497243046 %54 %
2019-08-25515257448 %52 %
2019-08-26126102960 %40 %

Кен орнындағы өрт ауыздықталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 09:57 - 2019/03/29


2

Тиісті орындардың мәлі­ме­тін­ше, оқиғаның негізі атал­ған кен орнындағы күрделі учас­ке­де наурыз айының 13-24-і аралығында жүргізілген ұңғы­ма­ның құрылысы барысында, сондай-ақ күрделендірілген бұрғы­лау ерітіндісімен ұңғыманы жуу жұмыстарын, грифондарды жою үшін жөндеу-оқшаулау жұмыс­тарын жүргізу барысында шық­қан техногендік сипаттағы газ-су аралас табиғи бұрқағынан басталған. Араға 12 күн салып кен орнының орталық бөлігіне тән болып табылатын бұл сұйықтық, яғни жер бетіне шыққан газ-су қоспасының ошағы жана бастады. 10-15 метр биіктікте алаулай жанған өртті сөндіру оңай болмады. Құрамында Төтенше жағдай департаментінің өкілдері, экологтар, тәртіп сақшылары, өндірістік қауіпсіздік мамандары, ҚМГ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «СиБУ» ЖШС және Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкерлері бар жедел өрт сөндіру штабы құрылып, оқиға орнына «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС жауынгерлік тобы, Ақтау қаласының МӨҚҚ 6 өрт сөндіру тобы келіп жеткен. 

Өртті сөндіруге 4 автоцис­терна, 1 жылжымалы сорғы стансасы, 1 газ-су сөндіруші автокөлігі келіп, жедел жұмысқа кірісті. Олармен бірге, өрт шыққан жерде Маңғыстау облысының ТЖД, «Файр протекшн ЛТД» ЖШС жеке құрамының 53 адамы және өрт сөндіру техникасының 12 бірлігі жұмылдырылған. Өртті сөндіру барысында жан­ған жерді тасымалданатын лафет­тік оқпандармен сөндіру үшін бірнеше рет талпыныс­тар жасалғанмен, өрт ошағына кірме жолдардың жоқтығына байланысты өртті ауыздықтау мүмкін болмады. Екі-үш күн бойы өртті ауыздықтау және төтенше жағдайды жою үшін барлық шара қолданылып, төтенше оқиға орнына 80 маман, 25 түрлі техника жұмылдырылды.

Нәтижесінде 27 наурыздан 28 наурызға қараған түн­де аталған ұңғыма ма­ңа­йындағы грифонда шыққан өрт сөндірілді. Қазір пайда болған грифондар жабылып, газ-су аралас табиғи бұрқақтың жер бетіне шығуы тоқтатылды. Ал оқиға орнында зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, материалдық шығын көлемі шамалы. Сондай-ақ қазіргі сәтте қайта қалпына келтіру үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мамандар алдағы уақытта осындай төтенше жағдайлар қайталанбас үшін жан-жақты сараптамалық жұмыстар жүргізетін болады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Маңғыстау облысы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=974077
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар