Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Президент қазақстандық ғалымдарға қолдау көрсетуде - Асхат Аймағамбетов



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 18:27 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/271008-prezident-qazaqstandyq-ghalymdargha-qoldau-korsetude-askhat-aymaghambetov


«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты үшін 1 млрд теңгеге жуық қаражатқа қажетті жабдықтар сатып алдық. Уақыт көрсетіп отырғандай, бұл біздің ғалымдарға QazVac вакцинасын әзірлеуге мүмкіндік берді. Президент осы институттың, жалпы ғылымның дамуына белсенді қолдау көрсетіп келеді. Естеріңізде болса, Институттың бас директоры Мемлекет басшысының жеке қабылдауында болған еді. Президент қолдау білдіріп, бірқатар нақты тапсырма берген болатын. Бұған дейін ғалымдарымызды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мәселелер болған еді. Енді Президент тапсырмасымен сол ғалымдарға арналған бірнеше тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бір үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Салынған үйлердің барлығы Президенттің тапсырмасы бойынша біздің институт қызметкерлеріне беріледі», деді министр.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми кадрларды даярлау тәсілдеріне де өзгерістер енгізілетінін айтты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385775
Пікірлер

Көрші сілтемелер