Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Интернет-алаяқтар өзгені қойып, студенттердің қалтасына түсе бастаған



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 20:03 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266558-internet-alayaqtar-ozgeni-qoyyp-studentterdinh-qaltasyna-tuse-bastaghan


Барлық жағдайларда студенттер OLX сайты арқылы ұзақ мерзімді жалға арзан бағамен берілетін тұрғын үй іздестірген. Қолайлы ұсынысты кездестірген студенттер көрсетілген нөмір бойынша қоңырау шалады. Пәтер иесі үйін жалға беретінін, бірақ кез-келген уақытта көшуге дайын адамдардың бар екенін алға тартып, тек алдын ала төлем жасағанға ғана беретінін айтқан. Бұл ұсынысты тиімді көрген студенттер ақшаны көрсетілген шотқа аударған. Ал қаражатты қолға түсірген соң «үй иесі» ғайып болған. Қазіргі уақытта полицейлер қаскөйлерді ұстау үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Полиция қызметкерлері кездесуге келген студенттерге осындайлардың құрығына түсіп қалмау жағын ескертті. Қазір аталған қылмыс түрінің статистикасы былтырғымен салыстырғанда екі есеге артып, жыл басынан бері облыс орталығында 60-тан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359775
Пікірлер

Көрші сілтемелер