Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Оралда Volkswagen дилерлік орталығы қайта жаңғыртылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 22:03 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/261218-oralda-volkswagen-dilerlik-ortalyghy-qayta-dganhghyrtyldy


Автосалонды реконструкциялау бай тарихы бар танымал брендтің соңғы жоғары стандарттарына, дәстүрлері мен құндылықтарына сәйкес жүргізілді. Volkswagen өңірлік дилерлік орталығын толық қайта жаңартуға Orbis Auto инвестициялары $1 млн құрады.

Оралдағы Volkswagen Дилерлік Орталығын реконструкциялау 2020 жылдың 1 шілдесінде басталды және жарты жылдан астам уақытқа созылды – 2021 жылдың 10 қаңтарында автосалон өз клиенттерін жаңа форматта қабылдай бастады. Қайта жаңғыртылған орталықтың қызмет көрсету аймағының ауданы – 420 м2, шоу-румның ауданы – 510 м2.

Автосалонның идентикасы мен жиһазы толығымен жаңартылды, ал ғимараттың қасбетінде Volkswagen брендінің жаңа логотипі пайда болды. Жаңартылған орталықтың сервистік станциясында жабдық толығымен жаңартылды, енді ол Volkswagen халықаралық стандартының соңғы критерийлеріне сәйкес келеді, ал клиенттерді күтудің жаңа аймағы автомобильдің жөнделуін онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

«Біз Орал қаласында Volkswagen жаңартылған Дилерлік Орталығының есігін ашқанымызға қуаныштымыз, мұнда сіз арманыңыздағы көлікті ыңғайлы жағдайда сатып алып қана қоймай, сонымен қатар көптеген қызмет түрлерін ала аласыз. Қайта жаңартылған дилерлік орталық бренд саясаты мен дәстүріне адал, ал оның техникалық жабдықталуы барлық халықаралық стандарттарға сай келеді. Орталық қызметкерлері 2020 жылы 150-ден астам оқыту тренингтерінен өтті, енді алған дағдыларын жұмыста қолдануға дайын», - деп атап өтті Orbis Auto бас директоры Динара Ысқақова.

Оралдағы Volkswagen дилерлік орталығының клиенттеріне Volkswagen ресми дилері ұсынатын қызметтер мен сервистердің барлық спектрі қол жетімді. Олардың ішінде жеңіл және коммерциялық модельдердің кеңейтілген желісінен автомобильдерді таңдау, жаңа автомобильге айырбастауда артықшылықтарды ұсынатын Trade-In бағдарламасы, сондай-ақ автонесиелеудің әртүрлі бағдарламалары бар.

«Біз үшін клиенттерімізге жоғары деңгейдегі сервисті ұсыну маңызды. Сондықтан біз автокөлік сатып алуды және кешенді қызмет көрсетуді барынша ыңғайлы етуге және өз клиенттерімізді қонақжайлылықпен қуантуға тырысамыз. Автосалон қайта жаңартылғаннан кейін оның мүмкіндіктері осы мақсаттарға сәйкес келеді. Жаңа форматтағы жұмыс аймақтағы Volkswagen брендінің позициясын нығайтуға көмектеседі деп үміттенеміз», - деді Volkswagen Centre Uralsk директоры Артём Пащенко.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Оралда 210 Volkswagen автокөлігі сатылды. Жалпы Қазақстан бойынша портфеліне төрт VW автоорталығы кіретін Orbis Auto компаниясы брендтің 1690 бірлік жеңіл автомобильдерін сатты, бұл 2019 жылға қарағанда 392 автомобильге артық. VW коммерциялық техникасын сату 84 бірлікті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33-ке көп.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1335738
Пікірлер

Көрші сілтемелер