Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда 430 мың тоннадан астам ет өндірілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 18:27 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/261293-qazaqstanda-430-mynh-tonnadan-astam-et-ondirildi


Сондай-ақ, шұжық өнімдерін өндіру 12%-ға (48-ден 53,8 мың тоннаға дейін) және ет консервілерін өндіру 13,8%-ға (7,7-ден 8,8 мың тоннаға дейін) артты.

Сиыр етінің экспорты өткен жылдың қаңтар-қазан аралығында 26,4 млн АҚШ долларын құрады.

Отандық дайын өнім өндірісінің өсуі мал шаруашылығы және ет өңдеу салаларындағы мемлекеттік көмектің ұлғаюына байланысты. Сонымен қатар, өңдеуші кәсіпорындарының қуатының артуына ҚР АШМ өткен жылы іске қосқан тірі мал экспортына мораторий жариялауы оң әсерін тигізді. Бұл шара жануарлардың еліміздің шекарасынан жаппай шығарылуын тоқтатып қана қоймай, Президенттің тапсырмасына сәйкес дайын өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ет өңдеушілер үшін келесі мемлекеттік қолдау түрлері:

1) жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғыртуға және жаңа зауыттарды салуға инвестициялық салымдардың бір бөлігін өтеу (25%-ға дейін);

2) айналым және негізгі құралдарға арналған несиелер бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау;

3) «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде, оның ішінде ет және құс етін өндірушілерге жеңілдікпен несие беру қарастырылған.

Сонымен қатар, ҚР АШМ өгізшелерді ет өңдеу кәсіпорындарына тапсыру кезінде фермерлерді субсидиялау шараларын енгізді. Мал өсірушілер мемлекеттен қосымша бір килограмм тірі салмақ үшін 200 теңгеден ала алады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1335634
Пікірлер

Көрші сілтемелер