Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұр-Сұлтандағы ЖЭО-2-де электр сүзгісі орнатылады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 18:15 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/261292-nur-sultandaghy-zheo-2-de-elektr-suzgisi-ornatylady


«Қаланы аралау кезінде ЖЭО-2-де іске қосылған алтыншы турбинаның жұмысымен таныстым. Электр қуатының өсімі 120 МВт құрап отыр. №8 қазандық іске қосылғаннан кейін жылу қуатының өсімі 180 Гкал құрайтын болады.

Сонымен бірге, қазандық пен мұржаның арасына электростатикалық сүзгі орнатып, іске қосамыз. Ол зиянды қалдықтарды тұтып қана қоймай, реттеу (сүзу) жұмыстарын атқарады. Осылайша, газ қалдықтары қоспасыз шығады.

Бұдан басқа, nid-технология жүйесін (күкірттен айырудың интеграцияланған жаңа жүйесі) іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл күкіртті сүзуге мүмкіндік береді. Бұған дейін, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 су жылыту қазандықтары газға көшірілген еді. Барлық шаралар қала экологиясына оң әсер етеді. Бұл жұмыстарды жалғастырамыз», — деп жазады қала әкімі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1335625
Пікірлер

Көрші сілтемелер