Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда Арбатта тоғыз аюдың жүргені рас па?!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 17:09 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/261282-almatyda-arbatta-toghyz-ayudynh-dgurgeni-ras-pa


"102" қызметінің хабарлауынша, Алматыда жаңа жылдық мерекелер тыныш өткен.

– 31-і күні "102" пультіне 1 600 хабарлама келіп түсті. Бұл күндегіден аз. Олар негізінен ақпараттық, анықтамалық және тұрмыстық сипаттарға ие болды,  атап айтқанда азаматтар көршілердің шуылдағанына, отшашулардың дауысына шағымданды. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, барлық мереке күндері сияқты Алматы қаласы ПД Жедел басқару орталығы тәулік бойы жұмыс істеді. Егер азаматтар демалып жатса, біз қызмет атқардық. Жаңа жыл қарсаңында қызмет еткен біздің қызметкерлер оларға қандай жауапкершілік жүктелгенін түсінеді. Негізгі міндет –  қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Негізінде, түн әдеттегідей жұмыс режимінде тыныш, ешқандай ерекшеліктерсіз өтті. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу немесе қылмыстар болған жоқ, – деді Алматы қалалық ПД Жедел басқару орталығының бастығы Андрей Квашнин. Мереке күндері күлкілі жағдайлар да болды.

– Бізге Жібек жолы көшесіндегі Арбатта аюлар жүргендігі туралы хабарлама келіп түсті. Дереу бейнебақылау камераларын Арбатқа бағыттадық, сол кезде онда панда киімін киген тоғыз адамның жүргенін анықтадық. Олар ойын-сауық іс-шарасының қатысушылары болып шықты. Жалпы Жаңа жыл түні тыныш өтті. Тәжірибе көрсеткендей, бұрын Жаңа жыл қалада кең көлемде тойланатын. Бұл жолы Алматыда бұқаралық мерекелік шаралар болған жоқ, қоғамдық орындарда көліктер мен азаматтар аз болды, деді ол.

Сонымен қатар ол Жаңа жылда болған басқа да қызық жағдайларды атап айтты.

– Ірі супермаркеттердің бірінде мас күйінде шалбарына салып виски бөтелкесін алып шықпақшы болған жас жігіт ұсталған;

– Жеке үйлердің бірінде алкогольдік ішімдіктер ішкен бірге тұратын азаматтар Жаңа жылдың кейіпкерлерін, яни кімнің Аяз ата немесе Ақшақар болатынын анықтау кезінде дауласып қалған;

– Алматы қаласының көпбалалы тұрғыны жаңа жылдық сыйлықтарын таксиде ұмытып кеткен. Полиция қызметкерлері тез арада жеке тасымалдаушыны тауып, ұмытып кеткен сыйлықтарды Жаңа жыл алдында қайтарып берді, және т.б.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1335568
Пікірлер

Көрші сілтемелер