Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда 300 мыңдай зейнеткер Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қарауында



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 16:45 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/261278-almatyda-300-mynhday-zeynetker-belsendi-uzaq-omir-suru-ortalyqtarynynh-qarauynda


Алматыда Белсенді ұзақ өмір сүруге септесетін 9 орталық бар. 21 мыңнан астам адам тіркелген, 300,7 мың адам қызметтермен қамтылған.

2020 жылы ТЖ жариялануына байланысты БҰӨ қашықтан қызмет көрсетті. Гериатордың, психологтың, медбикенің кеңестері онлайн немесе телефон арқылы жүргізілді. Скандинавиялық жүріс, оқыту курстары, шахмат, би және т.б. бойынша сабақтар онлайн өткізілді. Барлығы 4 706 зейнеткер онлайн қызмет алды. Қарттар күні мен айлығына арналған іс-шараларға 1,5 мың адам қатысты. Сонымен қатар, 200 зейнеткер үшін экскурсиялар өткізілді.

Бұдан басқа, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен "Шыңға өрлеу" әлеуметтік клубы жобасын іске асыру басталды. Мақсаты-кіші мектеп жасындағы балаларға өмірлік тәжірибе, білім мен дағдыларды беру арқылы қиын өмірлік жағдайға тап болған аға буын өкілдерін қоғамдық өмірге тарту. Клубтың өкілдері зейнеткерлер, еңбекке қабілетті мүгедек адамдар, аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан 1-4 сынып балалары, ерекше қажеттіліктері бар балалар болды. Онлайн режимінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 510 бала клубтармен қамтылды. Оффлайн режимінде 390 бала оқиды. Зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдардан 72 педагог жұмысқа орналастырылды.

Алматыда іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалар арасында - "Тәуелсіз өмір мектебі", онда өз мүмкіндіктерін білмеу және/немесе отбасы тарапынан гипер-қамқорлық салдарынан қоғамнан оқшау тұратын мүгедек адамдарды қолдау шаралары көрсетіледі. Мүгедектікке байланысты қорқыныш пен белгісіздікті жеңу, өзін-өзі бағалауды арттыру және мақсат қою дағдыларын қалыптастыру және өз өмірін жоспарлау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 48 мүгедек адам жаттықтырушылардың қатысуымен "Ақ Бастау" сауықтыру пансионатына барып, тұру арқылы 7 күндік курстарда оқыды. Сондай - ақ, 172 адамды қамти отырып, "TenQogam "мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру орталығы" жобасы іске асырылуда. Мақсаты-мүгедек адамдарға біліктілік алуға, жұмысқа орналастыру және өз әлеуетін іске асыру үшін білім мен дағдыларды алуға көмек көрсету.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1335548
Пікірлер

Көрші сілтемелер