Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұр-Сұлтанда жаңа саябақ ашылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 17:18 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/252590-nur-sultanda-dganha-sayabaq-ashyldy


"Нұр-Сұлтан қаласында елорда тұрғындары мен қонақтары бос уақытын тиімді өткізе алатын орындар саны артып келеді. Биыл қауіпсіз және жайлы қоғамдық кеңістіктер бірнеше есе көбейді. Карантин уақытында олардың қаншалықты қажет екені көрініп-ақ тұрды. Көктал-1 елді мекенінде 16 гектарға жуық саябақ ашылды. Жаңа кеңістік үш үлкен аймаққа бөлінген. Біріншісі - тыныш демалыс аймағы. Мұнда, мысалы, амфи-театр орнатылды - ашық аспан астында кинотеатр ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар ротунда да бар. Жастар үйлену тойын өткізе алады. Тыныш аймақта серуендеу және демалу үшін қолайлы жағдайлар жасалған", деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, екінші аймақ спортпен шұғылдануға арналған. Аймақ баскетбол, футбол, волейбол алаңдарымен, теннис кортымен, воркаут және йога алаңымен жабдықталған. Барлық спорт алаңдары қоршалған.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1282756
Пікірлер

Көрші сілтемелер