Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бурабай ұлттық паркінің аумағы отқа оранды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 17:12 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/252589-burabay-ulttyq-parkininh-aumaghy-otqa-orandy


Ведомствоның мәліметінше, өрт қазанның 17-де тұтанып, қатты жел оның өршіп, үлкен аумаққа жайылуына себеп болған.

"Тілсіз жауды ауыздықтауға "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жұмысшылары мен аумақтық ТЖД жеке құрамынан 107 қызметкер және 16 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Сондай-ақ, "Қазақстан темір жолы" АҚ бір өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрт 70 гектар аумақты шарпыды", деді ведомстводан.

Айта кетейік, жалын бүгін таңғы сағат 05:40 кезінде ауыздықталды. Қазіргі кезде "Қазавиаорманкүзеті" мемлекеттік мекемесінің тікұшағы арқылы өрт болған аумаққа әуеден бақылау жүргізіп жатыр.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1282755
Пікірлер

Көрші сілтемелер