Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада Журналистер үйі ашылады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 16:21 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/252588-elordada-zhurnalister-uyi-ashylady


Кездесу барысында журналистердің әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік жағынан аз қамтылған журналистердің баспанамен қамтылуына септесу жолдары қаралды. Әкімдік пен кәсіподақ осы бағытта бірлесіп жұмыс істейтін болып келісті. Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы З. Әліпбек елордада Журналистер үйін ашу жайын көтерді.

"Қазір журналистердің бас қосып, өздерінің мәселелері мен ұсыныстарын, идеяларын талқылайтын арнайы жеке орны жоқ. Мұндай орталық қалам ұстаған қауымның ынтымағын арттыра түсер еді", деді Зейін Әліпбек.

Бұл ұсынысты қолдаған қала әкімі қаладан орынжай қарастыратынын айтты. ​Кәсіподақ басшысы тарапынан жасалған аталған ұйым мүшелерінің қаладағы спорттық нысандар қызметін тегін пайдалануына жағдай жасау туралы ұсыныс та әкім тарапынан қолдау тапты. Кездесудің нәтижелі болғанын айтқан кәсіподақ төрағасы Зейін Әліпбек қала әкіміне қолдауы үшін алғысын жеткізді.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1282743
Пікірлер

Көрші сілтемелер