Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда көшенің ортасында жеңіл автокөлік өртеніп кетті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 14:24 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/252586-almatyda-kosheninh-ortasynda-dgenhil-avtokolik-ortenip-ketti


Өртке куә болған адамдар әлеуметтік желіге төтенше жағдайдың суреттерін жариялай бастады. Оқыс оқиға Райымбек –Тілендиев көшелерінің қиылысында болған.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар келгенде "Рено Логан" көлігі өртеніп жатқан. Көліктен газ иісі шыққан. Көлік салонында газ баллоны құрылғысы бар болып шықты. Жарылыс қаупінің алдын алу үшін өрт сөндірушілер бірден газ құрылғысын салқындатуға кірісті. Артынан өрт сөндіру көбігі ГПС-600 төгілді. Соның арқасында жарылыс болмады. Кешкі 19:20-да өрт сөндірілді", деді ТЖД.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті көлігіне газбен жүру құрылғысын салдырған жүргізушілерге арнайы мамандандырылған стансаларда жөндеу жасау керектігін ескертеді.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1282716
Пікірлер

Көрші сілтемелер